Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жөнелтілді

962 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеті жыл бойы жалған шот-фактуралармен айналысып, мемлекетке миллиардтап шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жөнелтілді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жөнелтілді

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері  салықтан жалтарған кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар беріп келген ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеген болатын.

«Жедел-іздестіру шаралары арқасында ұйымдасқан қылмыстық топ былтыр маусым айында құрықталып, келісімдердің жалғандығы нақты фактілермен дәлелденді. Тергеу амалдары барысында  мемлекет қазынасына 2 миллиард теңгеден астам шығын келгені анықталды. Олардың заңсыз қызметіне 300-ден астам бизнес өкілдері жүгінген», дейді  экономикалық тергеу департаментінің бастығы Нұрымжан Абатов.

  Оның айтуынша, қазіргі уақытта 25 миллион теңге бюджетке қайтарылған. Ал 206 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жіберіліп, қылмыскерлер тиісті жазасын алатын болады.