Сайлау • 14 Мамыр, 2019

Павлодарда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

810 рет көрсетілді

Облыс орталығында Nur Otan партиясы кандидатының қалалық қоғамдық штабының мүшелері мен сенімді өкілдерімен кездесу өтті.

Суретті түсірген Оразбек Саяхат

Nur Otan партиясы ұсынған Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатындағы жиынға  қалалық мәслихат депутаты Қобыланбек Қожин, өңірдегі медиация орталығының жетекшісі Ольга Николашина бастаған сенімді өкілдер сөз сөйлеп, алдағы 9 маусымда елімізде кезектен тыс  өтетін Президенттік сайлауға қатысудың маңыздылығын, лайықты кандидатқа таңдау қажеттігін атап өтті.

Ал,  Nur Otan партиясының мүшесі, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов болашақ үшін дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.

- Біз қазір дұрыс бағытта келе жатырмыз. Елімізге осы бағыттан  өзгеруге болмайды. Елбасы бастаған жолы ары қарай жалғасын табуы тиіс. Сол себепті, болашақ үшін дұрыс таңдауға тиіспіз, - деді Оспанбек Әлсейітов.              

Сонымен бірге, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада сайлауды бақылауға келетін Халықаралық байқаушыларға көмек көрсету орталығы ашылды.

Орталық мүшесі, ғалым Ғани Елмұратовтың айтуынша, облысқа 400-ге тарта бақылаушы келмекші.

Орталықта сайлауға шетелден келетін бақылаушыларға орталық жұмыс жасауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталып, интернет желісіне қосылған.

Ұқсас жаңалықтар