14 Мамыр, 2019

Министр ата-аналар жиналысына қатысуға шақырады

1979 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жұмыс берушілерден жиналыс күні балалары мектепте оқитын ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады. Бұл туралы БҒМ Баспасөз қызметі хабарлады.

Министр ата-аналар жиналысына қатысуға шақырады

15 мамыр, яғни, ертең – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде бұл күні ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. Жиын мектепте оқитын баласы бар және мектептердің қазіргі жағдайына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болуы керек. 

Білім және ғылым министрі ата-аналарды жиналысқа қатысуға шақырып, жұмыс берушілерден сол күні оларды қызметтерінен ертерек босатуды өтінді. 

«Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады.

Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі сіздерді іс-шараға қатысуға шақырады», — делінген баспасөз хабарламасында.