Қоғам • 14 Мамыр, 2019

Елордада дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде

1001 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты жазады.

Елордада дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде

Барлық аудандардағы аумақтарды өңдеу сәуір мен қыркүйек айларының аралығында кезең-кезеңмен жүргізіледі деген сайттағы жазбаға сүйенсек, Алматы, Байқоңыр аудандары бойынша ашық және жабық стацияларды өңдеу жұмыстары 16 сәуірде басталыпты.  Бүгінгі таңда Алматы ауданындағы таяз су қоймаларын өңдеудің 1-ші кезеңі аяқталып, 3455 гектар алаңда ашық стациялар өңделген көрінеді. Ал тұрғындардың мазасын кетірер сары масалармен күресте Алматы ауданында 80 гектар алқаптың арамшөптерін отау жоспарланған.

Байқоңыр ауданында дератизация жұмыстары 6987 жеке үйде жүргізіліп,  осы жұмыс атқарылатын ашық стациялардың алаңы 2399 гектарды құрайды.  Ауданда  111 ПИК-тен 104 қызмет көрсету ұйымы (95%) дератизация шартын жасасқан. Сондай-ақ Есіл ауданы  дезинсекция аясында ашық стацияларда, масалар мен жөкелерге қарсы таяз су қоймаларын өңдеу жұмыстарын бастады. Жалпы  Есіл ауданында барлығы 8 714,45 гектар ашық стация дератизация мен дезинсекциялаудан өтуі тиіс. Ауданда дезинсекция жөнінде 63 ПИК шарт жасалып, 41 ПИК өңделді.  

Сарыарқа ауданында 24 сәуірден 1 мамырға дейін 121,5 гектар аумақта масаның дернәсілдерінен су қоймаларын тазарту жұмыстары жүргізілді.Осылайша 8 мамырда қосымша 30 су қоймасы өңделсе, дәл қазіргі кезеңде 12 жоспарланған алаңның 3 шаршы метрінде жұмыс аяқталды. Олардың ішінде: Жеңіс, Бөгенбай, Республика даңғылдары және Есіл өзенінің жағалауы (Бейбітшілік, Сейфуллин, Жангелдин, Омаров, Кенесары көшелері, Абай даңғылы, ескі және жаңа алаң, «Редисон» қонақ үйі, конгресс-холл, аудандық әкімдік, қалалық әкімдік және т.б); Бөгенбай, Сарыарқа даңғылдары, Сарыбұлақ бұлағы мен Есіл өзені жағалауының бойында (Абай даңғылы, Күмісбеков, Сейфуллин, Алматы, Кубрин, Жданов, Щерс, Жамбыл көшелері, гараждар және т.б). (177,6)); «Көктал 2» тұрғын алабы (№68 мектеп аумағы, сонымен қатар Наурыз, Құсмұрын, Мойылда, Қайнар көшелері) бар.