Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа салада мамандар даярлау мүмкіндігіне қол жеткізді

1589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Қазақстанда фармацевтика саласы айтарлықтай дамып келеді. Яғни, бұл салада да білікті мамандарға сұраныс артуда. Сондықтан да қазір білікті фармацевт мамандарын даярлау кезек күттірмес міндеттердің бірі болып отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа салада мамандар даярлау мүмкіндігіне қол жеткізді

Ендігі жерде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында 5В074800 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алып, бакалавриат дипломын алуға болады (www.kaznu.kz).

Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім беруге лицензия алды. Аталмыш кафедра бұл лицензияға оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Бұл лицензияны алу үшін де үміткер тарап көптеген талаптарға сай болуы керек. Ал аталған кафедра осы мамандық бойынша білікті кадрлар дайындау үшін қойылған талаптарға толығымен сай келеді.

Кафедрада төрт ғылыми бағыт бар: органикалық химия, табиғи қосылыстар химиясы, дәрілік заттарды тасымалдау және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Кафедра қызметкерлері дәрілік заттар жасау мәселесімен тек бүгін ғана бетпе бет келіп отырған жоқ. Көптеген жылдардан бері жаңа дәрілік заттардың жаңа түрлерін жасаумен айналысып келеді. Атап айтар болсақ, өнеркәсіптік сатыға дейін жеткізілген «Алхидин», «Лимонидин», «Рамон» мен оның жақпа майы, «Биосед-К» және жақпа майы, «Суттиген» және жақпа майы, «Лейкоэфдин» инъекцияға арналған ерітіндісі, «Альнусидин» және инъекцияға арналған ерітінді сияқты бірқатар өндірістік препараттар бар.

Кафедра сонымен бірге Польшадағы Варшава медициналық университетінің фармация факультетімен тығыз байланыс орнатқан.