Спорт • 15 Мамыр, 2019

Волейболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

1128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-15 мамыр аралығында Таразда волейболдан ерлер арасындағы ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өтіп, еліміздің 27-ші чемпионаты аяқталды. Біріншілік қорытындысы бойынша, алғаш рет «ТНК Қазхром» командасы жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Волейболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының командасы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатының алтынын иеленіп отыр.

Күміс жүлде былтырғы жеңімпаз «Атырау» волейбол клубының еншісінде.

Қола медаль үшін өткен тартысты кездесуде «Маңғыстау» волейбол клубы Солтүстік Қазақстаннан келген «Есіл» командасын жеңіп, алғаш рет ел чемпионатының жүлдегерлері қатарына енді.