Әлия Юсупова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан боксшылар додасы 18 мамырға дейін жалғасады.
Спартакиададағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағандар қатарында ұлттық құрама ардагерлері Ангелина Лукас (51 келі) пен Аида Оңдаш (81 келі) және Анель Құдайберген (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) сынды жас спортшылар бар.
54 келіде Динара Жәмірова, 60 келіде Анджа Сәдуақасова мен Лаура Есенгелді, 69 келіде Мадина Жөкенова, 81 келіде Алтын Мұқышпековалар келесі кезеңге өтті.
Бүгін шаршы алаңға 54, 57,64, 75 және 81 келіден жоғары салмақтағы боксшылар шығады.