Аймақтар • 15 Мамыр, 2019

Шымкент қаласының әкімі Ұлыбритания елшісімен кездесті

944 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.

Шымкент қаласының әкімі Ұлыбритания елшісімен кездесті

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық пен қаланың даму әлеуеттері және инвестиция тарту мәселелерін талқыланды. Қала әкімі Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын айтып, Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның он сауда серіктестері қатарында екенін атап өтті. Сонымен қатар Біріккен Корольдік Қазақстандағы ірі инвесторлардың арасында алтыншы орында екенін жеткізді.


Шымкент Орталық Азиядағы ең тартымды қалалардың бірі және негізгі транзиттік дәліздерді байланыстыратын ірі көлік хабы болып табылатынын айтқан Ғ.Әбдірахымов британдық компанияларды ақпараттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ SmartCity бастамаларына инвестиция салуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20