Спорт • 15 Мамыр, 2019

Сергей Колос: Әсем Орынбай мен Ольга Панарина жақсы нәтиже тіркеді

957 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде. Алғаш болып «скит» бағдарламасындағы спортшылар сынға түскен болатын. Кубоктік кезеңнің ақтық бәсекесіне қазақстандық Әсем Орынбай мен Ольга Панарина жолдама алып, тиісінше бесінші және алтыншы орындарды иеленді.

Сергей Колос: Әсем Орынбай мен Ольга Панарина жақсы нәтиже тіркеді

Стенд атудан команданың бас бапкері Сергей Колос Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, мергендердің көрсеткішін бағалады. 

«Жарыс әлі аяқталған жоқ. «Трап» бағдарламасы бойынша мергендеріміз әлі де сынға түсуде. Сондықтан, олимпиада лицензиясынан үмітіміз бар. Ал «дөңгелек» стенд бойынша біздің екі бірдей спортшымыздың финалда бақ сынауы бұрын-соңды болмаған жағдай.  Осыған дейінгі ойындардағы лицензияны біз Азия чемпионатында ұтып алғанбыз. Биылғы құрлық додасы жыл соңында өтеді. 

Алда Финляндияда өтетін әлем кубогі кезеңі мен құрлық чемпионаты күтіп тұр. Жолдама жеңіп алатын мүмкіндік аз қалды. Сол себепті, бар күшіміз осы екі турнирде сәтті өнер көрсетуге бағытталған. Басты мақсат – Олимпиада жолдамасын жеңіп алу.

Орынбай мен Панарина өте жақсы нәтиже көрсетті. Финалда Олимпиада мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері сынға түскенін ескерсек, олардың бұл көрсеткіші көңілден шығады», - дейді бас бапкер.