Руханият • 15 Мамыр, 2019

Көрнекті ақын Есенғали Раушанов ТМД сыйлығын алды

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақын Есенғали Раушанов ТМД сыйлығын алды, деп хабарлайды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Көрнекті ақын Есенғали Раушанов ТМД сыйлығын алды

«Түрікменстан астанасы Ашғабат қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының XIV форумы аясында көрнекті ақын, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының «Достастық жұлдыздары» («Звезды Содружества») мемлекетаралық сыйлығымен марапатталды», делінген хабарламада. 

Сыйлық құрылтайшысы, ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының арнайы мәлімдеуінше, аталған сыйлықтың табыс етілуі Е.Раушановтың мәдениет және өнер саласындағы жасампаз еңбегі мен жетістіктерін ТМД елдерінің жоғары бағалайтынын көрсетеді.