Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қытайдың Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Премьерінің Орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде екіжақты экономикалық қарыс-қатынастарды дамытудың, шекара маңы ынтымақтастығын, оның ішінде «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамыту арқылы да тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.
«Нұрлы Жол» экономикалық саясатын және «Белдеу және жол» стратегиясын қосарлау аясындағы индустриялық-инновациялық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Барлығы жалпы сомасы $27 млрд-қа 55 қазақстандық-қытайлық жоба іске асырылатын болады. 2015 жылдан 2018 жыл аралығында $3,8 млрд сомасына 12 жоба пайдалануға берілді, биыл $310 млн-ға 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде күн электр станцияларының, ГЭС, заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысы бар. $5,5 млрд сомасына 11 жоба жүзеге асырылу үстінде. $18,1 млрд теңге сомасына қалған жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, жобаларды іске асыру 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерлету үшін тараптар бүгін Алматы қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 400-ден астам өкілдерінің, оның ішінде Сычуань және Шэньси қытай провинцияларының, Гуанси-Чжуан, Шыңжаң-Ұйғыр автономды аудандарының басшыларының қатысуымен өтіп жатқан ІІ ҚР – ҚХР аймақаралық ынтымақтастық форумының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, А. Мамин қытай делегациясының алдағы XII Астана экономикалық форумына қатысуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор қарқын беретінін айтты.
Келіссөздер барысында ҚР Үкіметінің басшысы көлік-логистикалық компетенциялар мен транзиттік дәліздерді, энергетиканы, өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы өзара іс-қимылды күшейтудің, әсіресе, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтудың қажеттігін атап өтті.
«Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі, — деді А. Мамин. 2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 11,1%-ға ұлғайып, $11,7 млрд көрсеткішіне жетті. Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі $2 млрд құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,1%-ға жоғары. — Біз осындай оң қарқынның сақталуына мүдделіміз».
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар