Әдебиет теориясында таласты-тартысты пікірлер мен қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты. Бұл нені көрсетеді? Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады.

Әдебиет теориясын ұлттық ерекшеліктерге сай бағамдап, тың терминдермен пайымдау А.Байтұрсынұлынан кейін тарихи-саяси ахуалға сәйкес тыйылып қалғаны белгілі. Кезінде академик З.Қабдолов «Ахаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ дене бола ма? Қайтейік, болады деп келдік...» деп қамығып еді. Ол Ақаңның арнау өлеңдер туралы қисындарын саралай келіп «Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды әрқайсымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық», деп те жазғаны бар-ды. Бұлай мойындау нағыз ғұламаға тән азаматтық, керек десеңіз, Ахаң алдындағы арылу сынды.
Кеңестің қасаң әдіснамасы әдебиет турасындағы тың пайымдауларға негізделген әлемдік теориялық еңбектермен танысуға толық мүмкіндік бермеді. Ал сол кезде әлем герменевтикалық, семиотикалық, фрейдистік, психо-аналитикалық, интуитивистік, структуралистік мектептердің жемісін көріп отырған еді. Қайта «жылымық» кезеңдегі салыстырмалы тұрғыдағы еркіндік бізге мифологиялық, әдеби-тарихи, биографиялық, компаративистік мектептердің өрістеуіне жол салды.
Қазір социалистік реализмді мансұқтау оңай. Алайда біржақты айыптай беруден гөрі (әрине оның догмалық постулаттарын ұмытпаймыз) оның реализм теориясынан қаншалықты жырақ кеткенін немесе классикалық реализм талаптарымен қаншалықты жанаса алған тұстарын сараптап көруіміз керек. Нағыз соцреалистер кімдер еді? Социалистік реализм көкейкестілігінен мүлде айрылған, енді біржола тарих қойнауына кеткен, қайтіп оралмайтын құбылыс па? Әлде классицистік идеалдарға негізделген саяси генезистегі эклектикалық кездейсоқ дүние ме?
Тіпті «социалистік реализм – неоклассицизм» дейтіндердің де тұжырымдары тым негізсіз
Кейінгі жылдардағы көп өзгерістер әдебиетке модернистік эстетиканың келуімен байланысты. Модернизм қалыпты образды бұзып тіпті абстракцияға айналдырды, дискурсты бұзды, сюжетті тұтастығынан айырды, бейнелеу тіліне батыл эксперименттер жасады. Көркем шығарманы әдеби-теориялық талдауда осы күнге дейін қолданып келе жатқан сюжеттік-композициялық талдау берерін беріп болғанға ұқсайды. Өйткені кейінгі буын қаламгерлерінде классикалық, эпикалық сюжет түрлері жоқтың қасына айналды. Әуелі салдары айтылып, сосын себептері термеленетін немесе салдары мүлде айтылмайтын фрагментарлы сюжетті шығармалар қатары көбеюде. Тіпті логикалық тұтастықтан мүлде айрылған коллаж сипатындағы сюжеттер кездеседі. Ең бастысы сюжет жанрды құраушы негізгі категория екеніне күмән туа бастады.
Бұрын автор – мәтін – оқырман тізбегі біртұтас қарастырылса, қазіргі әлемдік әдіснамада бұл ұғымдар автономдық мағынаға ие болды. Көркем шығарма мәтінінің автордан тәуелсізденуі, «автордың өлімі» сияқты түсініктер ғылыми айналымға түсіп үлгерді. Яғни әлемдік теориялық әдебиеттануда көркем шығарманы мәтін деп қарастыруға анық ойысу байқалады. Керек десеңіз, постмодернизм теорияшылары қаламгер мен оқырманды бір деңгейден қарастырады.
Қазақ әдебиетінде постмодернизм бар ма деген сауалға да әртүрлі жауап беріліп жүр. Ол пікірлерде бірізділік байқалмайды. Оның теориялық аспектілеріне келгенде де қарама-қайшылықты көзқарастарға тап боласыз.
Итальялық философ, семиотик Умберто Эконың (атақты «Имя Розы» романының авторы) «Меніңше, постмодернист» деген терминді біреуді мақтағанда қолданатын болдық. Сонымен қатар, оны өткен ғасырларға қарай тартып бара жатырмыз. Әуелде бұл термин соңғы жиырма жылдағы, кеше ғана өткен ғасырдағы қаламгерлерге арналатын, бара-бара ХХ ғасырдың басына апардық, келешекте постмодернизм категориясы Гомерді де қамтитын болады», деп жазғаны бар-тын.
Постмодернизмнің тұжырымдамасы толық аяқталып, анықтамасы қалыптасып біткен деуге негіздер әлі жоқ. Жуық арада ортақ түйін, келіскен теориялық тұжырымдар болмайтындай. Жанрлық шарттардың бұзыла бастауы да осы постмодернистер тұсында. Өйткені олар үшін қандай да бір канон жазушыны тәуелділікке алып келеді. Сондықтан да оларда айқын бір стиль ұстану бола бермейді.
Алайда әлемдік көркем ой дамуының соңғы кезеңінде пайда болған мәдени-эстетикалық, танымдық құбылыстардан қазақ әдебиеті мүлдем сырт тұрмауы себепті, үлкен мән иелене алмаса да модернизммен қатар постмодернистік құбылыстар да ұлттық әдебиетімізден орын тебе бастады. Әлемдік рухани-мәдени үдеріс қалыптастырған құндылықтарға ортақтасу арқылы ұлттық әдебиеттен модернизмді постмодернистік поэтикамен ұштастыра бастаушылық ұмтылыстарды танимыз. Әрине, қазақ әдебиетінде постмодернизм дәстүрлі поэтикалық құрылымдарды ығыстырып шығарған аса қуатты ағымға айналып үлгерген жоқ. Алайда ол құбылыстың бар екенін, рухани ықпалын үдете беруі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.
Жансая ЖАРЫЛҒАПОВ,
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры
Ақшолақов Ресейден газ тартудың оңтайлы жолдарын атады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды
Ғылым • Бүгін, 15:42
Молдованың экс-президенті сатқындық жасады деген күдікпен ұсталды
Әлем • Бүгін, 15:30
Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты СІМ пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 15:22
Қызылордада 214 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:15
Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды
Оқиға • Бүгін, 15:02
Дипломдық жұмыстарға қойылатын талап өзгереді – Асхат Аймағамбетов
Білім • Бүгін, 14:53
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Ұқсас жаңалықтар