Әлем • 16 Мамыр, 2019

Достастық теміржолшылары Хельсинкиде бас қосты

921 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазіргі барынша қысқа уақыт ішінде тиімділікке қол созған заманда көлік-логистикалық жүйе жұмысының қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. ТМД елдері теміржолшылары әкімшілерінің ұтымды шешімін қажет ететін осындай маңызды жиын ағымдағы жылдың 14-15 мамырында Хельсинкиде болып өтті. Достастыққа мүше-мемлекеттер темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 70-ші отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бастаған делегация барып, қатысып қайтты.

Достастық теміржолшылары  Хельсинкиде бас қосты

Финляндия астанасы кездесу өткізетін орын ретінде екінші рет таңдап алынғаны тегін емес. Бұ­ған дейін Кеңес отырысы осы Фин жерінде 2011 жы­лы өт­кен болатын. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені осы елдің VR Group компаниясы Кеңестің қауымдасқан мүшесі саналады. Отырысқа аталған компаниядан өзге 17 темір жол әкімшілігінің қаты­суы жиынның маңызын арттыра түсті. 

Талқылау барысында қаты­­су­шылар халықаралық қаты­нас­тағы жолаушылар кешені жұмы­сының 2018 жылғы және 2019 жылдың бірінші тоқ­санындағы, сондай-ақ темір жол желілері пай­­да­лануының қо­ры­тындысын шығарды. Атап айт­қанда, оты­рыс­қа қатысушы елдер темір жол желілері бо­йынша жүк және жолау­шылар пойыздарының кедергісіз қоз­ға­лысын, темір жол көлігінің үздіксіз жұмысын қам­тамасыз ету бойынша 10-ға тар­та мәсе­лені қарады және ке­ліс­ті. Реті келгенде бірқатар көр­сет­кіштерге назар аудара ке­тейік. 2018 жылы ТМД елдері темір­­ жолдарымен 2 млрд 32­ мил­лион тоннадан астам жүк­ тасы­малданса, бұл 2017 жыл­ғы көрсеткіштен 1,5% артық болды. Бұл орайда жүк айна­лымы да 4% артқандығын атай кеткен орынды. Ал 2019 жыл­дың бірінші тоқ­санында жүк тасымалының көлемі 495 млн тоннаны құраса, бұл 2018 жыл­дың сәйкес ке­зеңіндегі деңгейден 0,4% көп. 

Халықаралық жүк айналы­мы оң динамикасының қа­лып­та­суында ұлттық тасымал­дау­­шы­ның да өзіндік үлесі бар. Мы­­салы, жүктерді тасымалдау бойынша алған міндеттемелерін асы­ра орындаған темір жол әкім­­шіліктерінің қатарында «Қа­зақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ (+0,6%) аталуы марқаюға тұрар­лық жайт. Бұл ретте Дос­тастық елдері кеңістігінде кон­тейнерлік та­сымалдар жедел қарқынмен өсіп келеді. 2018 жылы бұл көр­сеткіш 12,8%, 2019 жыл­дың бірінші тоқсанында өткен жыл­дың сәйкес кезеңіне қарағанда 15,5% артып отыр. Контейнерлік тасымалдың темір­жол әкім­ші­ліктерінің жемісті ынтымақ­тастығы нәтижесінде мүм­кін бол­ғандығын да атай кету керек. Бұл орайда Қазақстан, Ресей, Бела­русь темір жолдарында по­йыз­ қозғалысы жылдамдығын ба­рынша арттыру үшін арнайы кес­телер енгізіліп, ұзынқұрамды пойыздар жолға шығарылуда. Со­нымен қатар 2018 жылы ТМД темір жолдарымен халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалы 18,6 млн адамға жетсе, бұл 2017 жылғыдан 0,7% артық. 

Алқалы жиында сонымен бірге темір жол көлігі са­­ла­сындағы нор­­мативтік-тех­ни­калық құ­жат­­тардың маңыз­дылығы мә­се­ле­лері жан-­жақты қарас­ты­рылды. Яғни, вагон, жолау­шылар ша­руа­шылығымен қа­тыс­ты бір­қатар құжаттарға өз­ге­рістер мен то­лықтырулар ен­гізу мәсе­ле­сі қолдау тапты. Бар­лық қа­­был­данған шешімдер мем­лекетаралық қатынастағы темір­­ жол желісі жұмысының, жүк және жолаушылар тасымалы тиім­ділігін арттыру, жылжымалы құрам техникалық мазмұнын, жөндеу бойынша жұмыстарды жақсартуға бағытталған. Және де отырыс­қа қатысушылар 2018 жылғы контейнерлер нөмірлік санағы­ның және 2019 жылдағы жүк вагондары санағының қоры­тындыларын шығарды. Со­нымен бірге 2019 және 2020 жылдардағы жолаушылар пойыз­дары қозғалысының кес­тесін әзірлеуге байланысты мәселелер де көпшілік назарына ұсынылды. Кеңес дирекция­сы төрағасының орын­басары Виктор Попов атап өткендей, 2018 жылдың желтоқ­санында енгізілген, қазір жұмыс істеп тұрған кестеде 2007 жылдан бірінші рет халықаралық пойыз­дар қозғалысының өлше­мі 116 парға дейін артып отыр. Ал ағымдағы жылдың желтоқ­санында қолданысқа енгізілгелі отырған 2019-2020 жылға арнал­ған қозғалыс кестесін әзірлеу барысында қозғалыс өлшемін 119 парға жеткізу жоспарланған. 

Отырыс барысында ағым­дағы жылдың қыркүйе­гінде Душанбе қаласында үшінші Халықаралық жолаушылар форумын өткізу шешімі қа­был­данғандығын да қа­перге са­ла кеткен жөн. Ал Кеңес­тің ке­лесі отырысы 2019 жылдың қа­занында Минскіде өтеді деп күтілуде. 

Сондай-ақ Хельсинкиде өткен Достастыққа мүше мем­ле­кеттер темір жол көлігі жөнін­дегі кеңестің 70-ші отырысында Қ.Әлмағамбетов бірқатар екі­жақты кездесулер өткізіп, өзара ықпалдастықтың өзекті мәсе­лелерін ортаға салды. Атап айтқанда, VR Group компа­ния­сының (Финляндия темір жолдары) президенті Рольф Янсонмен болған келіссөздер барысында Финляндия – Ресей – Қазақстан – Қытай және кері бағыттағы контейнерлік тасымалдауды дамыту жайы сөз болды. Әсіресе қазақстандық көмір­ді экспортқа шығару жа­йы және оны Финляндия ар­қы­лы транзитпен тасымалдау мәсе­лелері талқыға түсті. Бұдан бас­қа, Қазақстан темір жолы бас­шысының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов Литва темір жолдарының бас директоры Мантос Бартушкамен кездесуде «Викинг» контейнерлік пойызы мен Транскаспий бағыты (ТМКБ) әлеуетін пай­далану, Клайпеда порты ар­қылы қазақстандық көмір мен астықты жөнелтуді ұйым­дас­тыру, контейнерлік тасымалдауды еселеудің перспектива­ларын талқылады. Және де қырғыз темір жол әкімшілігі бас­­шысымен болған кездесу барысында екі ел аумағы ар­­қы­лы жүкағынын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жа­сау жа­ғына екпін берілді. «Қырғыз темір жолдары» ҰК» ЖТ бас директоры Қанатбек Әбдікерімовпен болған кездесуде тасымал көлемін ұлғайту мәселелері де ерекше аталды.


Асқар ИСАҚОВ,

БАҚ-пен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері