Сайлау • 17 Мамыр, 2019

Мексикада Қазақстандағы сайлау туралы ақпарат ұсынылды

906 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов жергілікті БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен саясаттанушылар үшін Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға арналған баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мексикада Қазақстандағы сайлау туралы ақпарат ұсынылды

Жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихына қысқаша шолу және экономикалық мен саяси салалардағы жетістіктердің презентациясы журналистермен кездесуінің ерекшелігі болды. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі баса атап өтілді.

Дипломатиялық өкілдіктің басшысы ел үшін аса маңызды және жауапты кезең қарсаңында күшті, табысты, гүлденген Қазақстанды дамытуға бағытталған барлық күш-жігер бағыттың сабақтастығын сақтауға бағытталатынын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның сайлау заңнамаларымен, сайлау алдындағы науқанға қатысушылардың өмірбаяндарымен және тұғырнамаларымен, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің сайлауға дайындық процесімен танысты.

Жергілікті журналистер мен саясаткерлер елімізде өтіп жатқан саяси және демократиялық үдерістер туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады. Олардың пікірінше, Қазақстанда өңірлік көшбасшы ретінде ашық және адал сайлау өткізу Латын Америкасы елдерінде де талқыға салу үшін өте өзекті тақырып болып табылады.

Сонымен қатар, жиналғандар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асыратын шетелдік журналистер мен халықаралық байқаушыларды тіркеу рәсіміне, электоралды кезеңде ақпараттық кампанияларды өткізу туралы ақпаратқа ерекше назар аударды.