Сайлау • 17 Мамыр, 2019

Халықаралық байқаушылармен кездесті

957 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясында Тәуелсіз мемлекет­тер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларымен кездесуі өтті. Онда ТМД ПАА байқаушылары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру барысымен етене танысты.

Халықаралық байқаушылармен кездесті

Орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесуге ТМД ПАА халықаралық байқаушылары, ТМД ПАА Демократия, парламентаризм және азаматтардың сайлау құқығын сақтау жөніндегі халықаралық бақылау институты (ДДМХИ) директорының ­орынбасары Е.Голоулина, ДДМХИ сараптама тобының басшысы С.Ткаченко, ДДМХИ сайлауды мониторингілеу бөлімінің кеңесшісі  Т.Шульгина келді.

Оларды Орталық сайлау комиссиясы­ның мүшелері Зәуреш Баймолдина мен Бақыт Мелдешов Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлау органдары­ның биылғы 10 сәуірден бастап, 9 мамырға дейінгі өткен және өтетін іс-шараларымен таныстырды. Соның ішінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері кездесу барысында сайлау науқанының барлық кезеңдері туралы нақты баяндады. Оған қоса, келген байқаушылар тобын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен де хабардар етті. Соған байланысты аталған науқанның негізгі кезеңдерін, яғни ұсыну, тіркеу, сайлау алдындағы үгіт пен дауыс беру күнін көрсете оты­рып, атқарылып жатқан ауқымды жұ­мыс­тар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекет­тер Достастығы қатысушы мемлекеттер­дің Парламентаралық Ассамблеясы демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД ПА қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық мониторинг инс­титуты өкілдері 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негіз­гі өзгерістер туралы, соның ішінде сайлау алдындағы үгітке, сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер және басқа да ақпараттар­­мен қамтамасыз етілді. Ал ТМД ПАА ДДМХИ директорының орынбасары Е.Голоулина, қазіргі уақытта сайлау науқаны өте ашық әрі барлық заң талап­тарына сай өтіп жатқанын және соған өздерінің ризашылықтарын жеткізе­тіндігінен хабардар етті.

Жалпы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) – Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының жоғарғы заңшығарушы үйлестіруші органы. Парламентаралық Ассамблеясы құрамына Тәуелсіз мемлекеттер достас­тығының барлық 12 елінің өкілі болып табыла­тын парламентшілер кіреді. Парламентара­лық Ассамблеяның негізгі міндеті – ТМД елдерінің ұлттық заңнама­ларын үйлестіру. Үлгі заңдар, тікелей ық­палы болмаса да ТМД ел­дерінің ұлт­тық заң­дарын жасауда бір­ыңғай көрсеткіш болып табылады. Ассамблея сондай-ақ ТМД мемле­кет­терінің әріптестігі, өзара ықпал­дасуы, қарым-қатынастарының дамуы­на бағыт­талған бірқатар саяси, экономи­ка­лық, мәдени салалардағы мәселелерді қарастырады.