Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында әзірленген.
Құжат атқарушылық іс жүргізу тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, атқарушылық құжаттар тізбесіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы» сот актілерін енгізуге басқа да осы саладағы маңызды сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ осы күні қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Заң жобасының мақсаты қаржы нарығын реттеушілік, бақылау және қадағалау, функцияларын бөлу, тұтынушылық кредиттеу тәуекелдерін шектеу бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеуге бағытталмақ.