Қоғам • 17 Мамыр, 2019

Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана экономикалық форумына қатысуға келген Таллин мэрі Михаил Қылварт пен Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов кездесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті

Бақыт Сұлтанов екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік жағдайында дамып келе жатқанын атап өтті. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз басқа қалалардың жүз жылда жеткен белестерін 20 жыл ішінде бағындырдық. Даму тәжірибесі бар, енді бізге сапалы өсу қажет. Осы мақсатта біз экономика, туризмді дамыту, өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау тұрғысынан шеберлік жоспарын әзірлеп жатырмыз», деді қала әкімі. 

Кездесу аясында Бақыт Сұлтанов өзара іс-қимылдың бағдарламалық құжатын жасауды, екі елорданың ынтымақтастығын тереңдетуді ұсынды. Өз кезегінде Таллин мэрі Михаил Кылварт қала Қазақстан астанасы ғана емес, сондай-ақ аймақтың экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналуы мүмкін екендігін атап өтті. 

«Сондықтан да екі қала мен екі астананың арасындағы ынтымақтастыққа баса назар аударғым келеді», деді ол. 

Қос тарап алдағы уақытта көлік және қалалық инфрақұрылымды дамыту, медициналық туризм және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті.