Қазақстан • 17 Мамыр, 2019

Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсіміне қатысты

891 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының əкiмi Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсіміне қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсіміне қатысты

«Бүгiнгi күн қаламыздың тарихында есте қалады деп есептеймiн. Біз Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда орталықтары қауымдастығының тағы бір нүктесін құру жөніндегі ұзақ жылғы келіссөздерді іске асырудың негiзгi кезеңіне көштік. Бұрынғы ЭКСПО аумағында, ал қазір белсенді дамып келе жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдік брендтерді, трансұлттық корпорацияларды, инвестицияларды тартудың тағы бір нүктесін құрудамыз. Мен баршаңызды бүгінгі іс-шарамен шын жүректен құттықтағым келеді. Жобамыздың жүзеге асуына тілектеспін және ендiгi жиынды 350 метр биiкте ɵткiзейiк», деді Б.Сұлтанов.

Ɵз кезегiнде «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік Инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар бұл əлемнiң 90 елi ұсынған әлемдегі ең ірі сауда қауымдастықтарының бірі екенін атап өтті.  

«Дүниежүзiлiк сауда орталығының басты мақсаты жаңадан сауда жəне инвестиция жолдарын құру. Нұр-Сұлтан қаласымен бiрлесе отырып осындай игiлiктi iске қол жеткiзуге болатынына қуаныштымыз. Бұл жаңа жұмыс орнын құру, жаңадан инвестиция, технологиялар тарту мүмкiндiгi. Біз болашақта жобаның дамуын асыға күтеміз», деді Мехран Эфтехар.