Спорт • 17 Мамыр, 2019

Дмитрий Панарин бастаған бадминтоншылар командалық әлем біріншілігіне қатысады

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Нанинг қаласында бадминтоннан командалық әлем чемпионаты өтеді. 25 мамырға дейін созылатын бәсекеге қазақстандық спортшылар да аттанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Дмитрий Панарин бастаған бадминтоншылар командалық әлем біріншілігіне қатысады

Бадминтоннан Қазақстан командасының бас бапкері Асқар Орманов әлемдік сынға төмендегі спортшылардың қатысатынын растады.

Олар: Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Оксана Штелле, Камила Смағұлова, Хайтмұрат Құлматов, Айша Жұмабек. 

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында бадминтоннан Қазақстан құрамасы АІВА базасында оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.