Аймақтар • 19 Мамыр, 2019

Павлодардың даму стратегиясын «Dasco Consulting Group» компаниясы әзірлемек

1132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімдігі облыс орталығының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу кезінде жергілікті БАҚ арқылы павлодарлықтарды өз идеяларымен бөлісуге шақырады.

Павлодардың даму стратегиясын «Dasco Consulting Group»  компаниясы әзірлемек

                                                                             

- Бұл маңызды құжат тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуға, жайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталады. Тиімді ұсыныстар болса қабылдауға дайынбыз. Қала тұрғындары инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, тұтыну тауарлары және бағаның қолжетімділігі бағыттары бойынша өз идеяларын жібере алады, - дейді  қала әкімі Әнуар Күмпекеев.

 Ұсыныстар мен идеяларды құжат және фотосурет түрінде  де жолдай алады. Үздік үш жобаның авторына 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.

Ал, «Dasco Consulting Group» компаниясының өкілі Дәулет Арғыновтың айтуынша, қаланы дамыту стратегиясы үш кезеңнен тұрады. 

Біріншісі – әлеуметтік сауалнама жүргізу кезеңі. Оған 2800 адам қатысып, өз пікірлерін білдірген және қатысушылардың 49 пайызы «Павлодар өмір сүруге ыңғайлы қала» деп санайды. 

Қалаларды дамыту стратегиясын әзірлеу Экономика министрлігі құрған әдістемеге сай жүргізіледі. 

Құжат әзірлеу қараша айына дейін жалғасады, күзде бағдарлама қалалық мәслихаттың сессиясында ұсынылады.

                                                                                     

Павлодар