Президент • 20 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Уршула Гацекті қабылдады

1053 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бақылаушылары миссиясының басшысы Уршула Гацекті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уршула Гацекті қабылдады

Әңгімелесу барысында Қазақстандағы кезектен тыс өткізілетін президент сайлауына қатысты Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясы жүргізетін мониторинг мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы алдағы сайлаудың заңнамаға сәйкес ашық және әділ өтетінін атап өтті.

Уршула Гацек Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, халықаралық бақылаушылар қызметінің басталғаны жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының өкілдері сайлау үдерісіне мониторинг жүргізуге кіріскенін және Қазақстанның барлық өңірлерінде белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.