Спорт • 21 Мамыр, 2019

Нариман Курбанов биылғы маусымдағы сәтсіздіктерінің себебін түсіндірді

875 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі, гимнастикалық ат снарядында сынға түсетін Нариман Курбанов Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. Нариманның айтуынша, биылғы маусым өзі ойлағандай сәтті басталмаған.

Нариман Курбанов биылғы маусымдағы сәтсіздіктерінің себебін түсіндірді

«Наурыз айында өткен әлем кубогі кезеңінде 4-ші орын алғанымды білесіздер. Алайда, мұны айтарлықтай жақсы нәтиже деуге болмайды. Уақыт өткен сайын тағы бір қате табамыз, көлденең мәселелер шығады алдан. Алайда, мұның бәрі әлем чемпионаты сынды ірі жарыста емес, оған дейін анықталғаны дұрыс болды. Қазан айында Германияда өтетін лицензиялық әлем чемпионатына бәріміз қызу дайындалып жатырмыз. Бүгінде өзімізге деген сенім артты, алға қойған мақсатты орындаймыз деген үміттеміз. 

Жақында халықаралық федерация маған әлемдік деңгейдегі спортшыларға берілетін төсбелгіні жолдапты. Бұл маған қосымша күш беріп, алға жетелейді», - дейді Нариман. 

Нариман Курбанов маусым айында Словенияда өтетін әлем кубогі кезеңіне дайындалуда.