Саясат • 21 Мамыр, 2019

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық нығая береді

1630 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Қордай» бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен танысудан басталды. Қазақстан тарапы екі ел азаматтарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға үлкен мән береді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық нығая береді

Қырғыз тарапынан шекарада Қазақстан СІМ басшысын Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков қарсы алды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі мемлекет шекара қызметтерінің басшылары Дархан Ділманов және Уларбек Шаршеевпен бірлесіп шекаралық өткелдерде азаматтар мен көлік құралдарын өткізу бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Министрлердің келіссөздері Қырғызстан астанасында Бішкекте жалғасып, олардың барысында Қазақстан-Қырғызстан қатынастарының кең ауқымды мәселелері қаралды.

Келіссөздердің күн тәртібі өте мазмұнды болды және тараптарға саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық өзекті мәселелерін, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, су-энергетикалық ынтымақтастық, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау шектеулерін алып тастау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдардың жақындығы атап өтілді және БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ТМД, Ислам ынтымақтастық ұйымы және басқа да құрылымдар шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан Қырғызстанды аймақтағы жақсы көрші және маңызды серіктес ретінде ғана емес, бауырлас мемлекет ретінде қарастырады. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихы, діні, мәдениеті менталитеті бір Қазақстан мен Қырғызстанға Құдайдың өзі бірге болуға, бір-біріне көмектесуге және өңірдің қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге тапсырған болатын», деді Б. Атамқұлов.

Біздің елдеріміз арасында қандай да бір саяси келіспеушіліктер жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен тату көршілік және сенімді қарым-қатынастарды нығайту саясатын жалғастыруға ниетті, деп қосты Қазақстан СІМ басшысы.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ч. Айдарбеков Қазақстан СІМ басшысының Қырғызстанға алғашқы ресми сапары екі ел арасындағы достық және одақтастық қарым-қатынастардың айғағы болып табылатынын атап өтті. «Бүгінгі таңда мемлекетаралық байланыстар барлық деңгейде де қарқынды дамып келуде. Біздің мемлекет басшылары жылына бірнеше рет кездеседі. Министрліктер мен ведомстволар көршілес мемлекеттер арасында туындайтын мәселелерді шешеді. Біз екіжақты сипаттағы мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын іздеуге дайынбыз», деді қырғыз министрі.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Тараптар өзара саудадағы оң динамиканы қанағаттанушылықпен атап өтті. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты сауда айналымының көлемі 2018 жылы 13,1%-ға өсіп, 865,3 млн АҚШ долларын құрады. Екі мемлекет көшбасшыларымен тауар айналымы көлемін 2020 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларға дейін ұлғайту жөнінде міндет қойылған.

Осы міндетті іске асыру мақсатында қазақстандық компаниялар машина жасау, металлургия, азық-түлік саласы, құрылыс материалдары және химия өнімдері сияқты салаларда экспорт номенклатурасын кеңейтуге дайын. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара сауда мен тікелей байланыстарды дамыту мақсатында Қазақстан-қырғыз іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін барынша іске қосуға уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзекті мәселелерді кешенді шешу бойынша 50 іс-шарадан тұратын екі жақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасын сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аудару ұсынылды.

Инвестициялық салада тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Қазақстан Қырғызстанның маңызды инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Жалпы 2005 жылдан бастап Қырғызстанға 700 млн АҚШ доллардан астам инвестиция құйылды. Қазақстан тарапы Kazakh Invest және Kazakh Export компаниялардың құралдарын белсенді іске қосу инвестициялық-экспорттық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен перспективалар ашатынын атап өтті.

Еліміз Қырғызстанға қазақстандық KazSat спутниктері арқылы спутниктік байланыс қызметтерін пайдалану және кең ауқымды іс-қимыл аумағының ғарыштық мониторингі мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Келіссөздер барысында сондай-ақ Қырғызстаннан жекелеген азық-түлік тауарларын әкелуге уақытша карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық шектеу шараларын алып тастау мәселелері қозғалды. Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдары осы бағытта тығыз бірлескен жұмыс жүргізіп отырғандығы туралы атап өтілді.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық саммиті өтетіндігін хабарлады. Қырғыз тарапы ел Президенті Сооронбай Жээнбековтің осы саммитке қатысуын растады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық құрылымдар мен бірлестіктер, атап айтқанда ШЫҰ, Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы үкіметаралық хаттамаға, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Сапар аясында Қазақстан делегациясының басшысы Шыңғыс Айтматов атындағы мұражай-үйінде болып, қырғыз жазушысы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан мен Қырғызстан көп ғасырлық тарихы бар тығыз гуманитарлық байланыстарды біріктіреді. Бұл бағытта біздің елдеріміз үлкен жұмыс атқаруда. 2018 жылы ұлы жазушының 90 жылдығы кеңінен атап өтілді. Нұр-Сұлтанда Ш. Айтматов атындағы көше ашылды, сондай-ақ оның мерейтойы құрметіне халықаралық форум өткізілген. Қазіргі уақытта Қазақстан елордасында Ш. Айтматов құрметіне ескерткіш орнату жұмыстары жүргізілуде.