Елбасының көрме қорында архивтік құжаттар мен сирек кездесетін бейнематериал, көне жәдігерлер бар. Көрменің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов: - Көрменің ерекшелігі Елбасы кітапханасы ұжымы облыс әкімдігімен бірлесіп «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты конкурс жариялап отыр. Мақсат жас суретшілерге арналған жоба арқылы қылқалам шеберлерінің өнерін жұртшылыққа паш ету. Бүгінде музей қорындағы 40-қа жуық картина келушілер назарына ұсынылды. Жалпы, жоба жеңімпазының жеке сурет көрмесі Елорда төрінде Елбасы кітапханасының қолдауымен өткізілмек,-деді.
Осыдан бір ай бұрын жұмысын бастаған жылжымалы жобаны тамашалаушылар саны күн санап артып келеді екен.