Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Сауықтыру лагерьлерінде 67 мың бала демалады

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдіктің отырысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу үшін барлық жағдайды жасап, қауіпсіздік жұмыстарын күшейтуді ескертті.

Сауықтыру лагерьлерінде 67 мың бала демалады

Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова өз есебінде биылғы жазғы сауықтыру лагерлеріне оқушылардың бәрі толықтай қамтылатынын, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға мемлекеттен арнайы қаражат бөлінетінін жеткізді.  Өңір бойынша 67 мың оқушы демалыс лагерьлеріне барады. Олардың 10 мыңы – көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары.  Бұл мақсат үшін 70 миллион теңге қарастырылған. 14 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Үштен бірі жеке кәсіпкерлерге иелігінде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 191 балаға демеушілік жасалып, 16 миллион  теңгеге жолдама алынған.

Демалыс лагерьлері 10-шы маусымнан бастап өз есігін айқара ашады. Алайда, әзірлік шаралары барлық жерде бірдей емес. Ақжар, Уәлиханов, Айыртау аудандарында бірде-бір демалыс лагері жоқ.

Құмар Іргебайұлы олқылықтарды шұғыл түрде түзету міндеттерін жүктеді.