Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Қызылорда облысының әкімі Таллин мэрімен кездесті

974 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы аясында Қырымбек Көшербаев пен Михаил Кылварттың кездесуі өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының әкімі Таллин мэрімен кездесті

Тараптар Таллин қаласы мен Қызылорда облысы арасындағы ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады. 

- Бүгінде Эстония Республикасы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы болып отыр. Туризм және кәсіпкерлік салалары да кеңінен дамуда, осыған байланысты сіздердің тәжірибелеріңіз бізді қызықтырады, - деп атап өтті облыс әкімі. 

Қырымбек Көшербаев әріптесіне өңірдің әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы айтып, Михаил Кылвартты Қызылорда облысына сапармен келуге шақырды. 

Өз кезегінде Михаил Кылварт облыс әкіміне алғысын білдіріп, ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті. 

- Біз Сізді және қызылордалық делегацияны Таллинде көруге қуанышты боламыз. Бұл кездесу бірлескен тиімді көпжақты әріптестіктіктің бастауы болады деп ойлаймын, - деді Михаил Кылварт. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар делегациялардың өзара сапарлары туралы келісімге келді.   

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Кылварт Қызылорда қаласының тумасы осы жылдың сәуір айында Эстония астанасы Таллин қаласының мэрі болып сайланды.