Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Қызылорда қаласында Robo Fest-ORDA фестивалі өтті

1329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы №278 орта мектептің базасында Robo Fest-ORDA облыстық фестивалі өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласында Robo Fest-ORDA фестивалі өтті

Байқауда робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бағытындағы үздік жобалар анықталып, оқушылар мен педагогтардың шығармашылық жетістіктері бағаланды.

Қатысушылар Робо Арқан тартыс, Робо Ақ сүйек, Робо Қыз қуу категориялары бойынша сынға түсті.

Фестиваль нәтижесі бойынша 38 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І орын-6, ІІ орын-12, ІІІ 20 оқушыға тағайындалды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.