Тағайындау • 21 Мамыр, 2019

Ләззат Сүйіндік Ақпарат комитетінің төрайымы болып тағайындалды

1699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ләззат Сүйіндік Ақпарат комитетінің төрайымы болып тағайындалды

Л. Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты.

2005 жылы ҚР Жастар конгресінің қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді.

2005–2006 жж.  — «Парасат» ақпараттық-талдамалық орталығы» ҚБ бас маманы.

2006–2008 жж. — Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008–2014 жж. —  Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.

2014–2016 жж. — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Электронды БАҚ басқармасының басшысы.

2016 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.