Саясат • 21 Мамыр, 2019

Әлеуметтік әлжуаз санаттағы балалардың 80% жазғы лагерьлерде демалады

692 реткөрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруды және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова баяндағандай, биыл мектептердің жанынан 11 мың лагерь ашылуда, 236-сы — қала сыртындағы, 1757-сі — шатырлы лагерьлер.

Лагерьлердегі демалыспен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының 80%-ын, айрықша білім қажеттілігіне мұқтаж балалардың 82%-ын және түрлі салада жетістікке жеткен, девиантты тәрбиедегі балалардың 90%-ын қамту көзделуде. 960 мың бала (33%) жазда құрылыс отрядтарына, орман шаруашылығына және көгалдандыру жұмыстарына тартылады.

Бұдан бөлек, оқушылардың 61% түрлі олимпиадалық резерв жазғы мектептері мен тіл мектептеріне, активистер мен көшбасшылардың мектептеріне қабылданатын болады. Арнайы аула клубтарының жұмысы жақсартылуда. Елімізде жазда 1,5 мыңға жуық аула клубы жұмыс істейді. 

К. Шәмшидинова жазғы демалысты ұйымдастыруға қосымша демеушілер ресурсы да тартылатынын айтты.

«Былтыр экономиканың түрлі салаларындағы компаниялар мен жеке кәсіпкерлер осы шараға атсалысып, 504 млн теңгеге 4 324 баланың демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Биыл да бұл шара жалғасын табады», — деді Білім және ғылым министрі.

Негізінен балалар жазғы демалыстарын өздерінің үйреншікті ортасында өткізеді. Балалардың 40%-ы өзінің тұрғылықты жерінен тысқары шығады. ҚР БҒМ олардың демалыс сапасын елімізде қалыптасқан инфрақұрылымды жан-жақты пайдалану арқылы жақсартуды ұсынады.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі тарапынан туристік және санаторий-курорттық ұйымдарды жандандыру, қазақстандық жоғары оқу орындары жанынан жазғы академиялық мектептерді ашу, балалардың «Менің Отаным – Қазақстан» атты мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерін зерттеуге бағытталған тақырыптық жорықтарға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, қала сыртындағы лагерьлер желісін дамыту ұсынылды. 

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, каникул кезінде жыл сайын тәрбиелік, патриоттық және эстетикалық сипаттағы әртүрлі іс-шаралар кешенін өткізіледі.

2017 жылдан бері ҚР МСМ бастамасымен каникул кезінде республикалық музейлерге, музей-қорықтар мен театрларға оқушыларды тегін кіргізу тәжірибесі енгізілген. Осы жобаның оң тәжірибесін ескере отырып, оны енгізуді жергілікті деңгейде де жалғастыру ұсынылды.

«Бүгінгі таңда балалар мен жастарды әлеуметтік өмірге белсенді тарту үшін барлық өңірлерде кітапханалар базасында коворкинг-орталықтар жұмыс істейді. Мұнда балалар мен жасөспірімдер оқу бағдарламалары аясында шығармашылық және креативті жобаларды іске асыра алады. Өңірлерде 208 коворкинг-орталық жұмыс істейді», — деді А. Мұхамедиұлы.

Елдің барлық кітапханаларында «әдеби ертеңгіліктер» өткізу, музейлер мен музей-қорықтарда белгілі қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, өлкетанушылар, археологтардың қатысуымен тегін тарихи-өлкетанулық және танымдық экскурсиялар, түрлі пленэрлер өткізу, қалалар мен облыс орталықтарында «BookCrossing» акциясын өткізу, ал барлық ауылдық округтерде «жылжымалы кітапханаларды» ұйымдастыру жоспарланған. 

Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндай отырып, А. Мұхамедиұлы дене шынықтырумен және спортпен мектеп жасындағы 1,8 млн бала, соның ішінде ауылдық жерлерден 816 мыңнан астам бала қамтылғанын жеткізді.

Тұрғылықты жерлері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын қамтамамыз ету мақсатында мектеп жасындағы балалар арасында қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істеуде — 172 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтыған 570 балалар-жасөспірімдер клубтары, 87 балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары жұмыс жасайды. Барлық өңірлерде 80-ге жуық street workout арнайы спорт алаңдары ашылды.

Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасы бойынша (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда.

2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалар туристік пойызын» іске қосу жоспарлануда. Басымдық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға, білім беру жарыстарының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға т.б. беріледі.

Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қолға алынатыны туралы Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев баяндады.

Ең алдымен, балалардың жарақаттануының алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай, жолдағы қауіпсіздік жөніндегі акция «Абайлаңыз, балалар!» секілді іс-шаралар ұйымдастырылады. Күн сайын балаларды тасымалдайтын автобустар тексеріледі, сондай-ақ, оларды патрульдік полиция көліктері сүйемелдейді. Биылғы маусым айында балаларды жұмысқа орналастыру науқандары өткізіледі. Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктері, әкімдіктермен бірлесіп, суға түсу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Шомылу орындарында қажетті нұсқамалық өткізіледі. Соңғы қоңырауларды, ҰБТ, бітіру кештерін өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Балаларды сауықтыру, лагерьлерде және басқа да демалыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша жоспарланған шаралар туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин баяндады.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі балалар демалысының 219 қала сыртындағы нысанын бақылауға алды. Бүгінде олардың 48-і рұқсат құжаттарын алды. ҚР ДСМ ерекше бақылауында — балаларды тамақтандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері. Жаппай тамақтан және судан улануға жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен және ҚР ІІМ бірлесіп, барлық маусым кезінде жазғы лагерьлерді қатаң тексеретін болады.

Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықова балаларға түрлі мекемелер мен ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізудің қажеттігін атап айтты.

Вице-премьер балалардың қауіпсіздігі мәселелерін балалардың өздеріне түсіндіру қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша балалардың ұсыныстарын жинау қажет. Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова жергілікті атқарушы органдарды көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жетім балаларға ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Отырыс барысында Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Алматы облысының әкімі А. Баталов сөз сөйледі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Хат қоржын (23.09.2019)

Қоғам • Бүгін, 09:59

Қостанай қыста тоңбайды

Аймақтар • Бүгін, 09:48

«Мал да жоқ, қайыр да жоқ»

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Бюджет тиімді жоспарлануы тиіс

Аймақтар • Бүгін, 09:25

Халхын-гол шайқасының қаһарманы

Руханият • Бүгін, 09:09

Даму бағыты айқын

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Бояулармен бедерленген «Ботай»

Руханият • Бүгін, 08:55

Алатаудың ақиығы

Руханият • Бүгін, 08:54

Қос ақын үзеңгі қағыстырды

Руханият • Бүгін, 08:51

Италияда топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:37

«Барыс» «Тракторды» жеңді

Спорт • Бүгін, 08:32

Мәжілістегі кездесулер

Саясат • Бүгін, 08:17

Түркістан – жастар қаласы!

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019

Музейді түнде тамашалау да бір ғанибет

Руханият • 21 Қыркүйек, 2019

«Оңай» картасы қымбаттайды

Қоғам • 21 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар