Спорт • 21 Мамыр, 2019

Иван Иванов ядро лақтырудан Тайландтың ашық чемпионатында алтын алды

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жеңіл атлеттер Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирін жақсы көрсеткішпен аяқтады. Біздің спортшылар төрт алтын медаль жеңіп алған деп хабарлайды Olympic.kz.

Иван Иванов ядро лақтырудан Тайландтың ашық чемпионатында алтын алды

Таиланд ашық чемпионатындағы төртінші алтынды ядро лақтырушы Иван Иванов жеңіп алды. Ол 18.95 метр көрсеткішімен қарсыластарынан озып кетті. Екінші орында тайпейлік Ма Вей Хау (16.78), үшінші орында малайзиялық Мұхаммад Золкефли (16.71). 

Айта кету керек, Таиландтағы турнирге елімізден төрт спортшы аттанды. Бұған дейін Полина Иванова (сырықпен секіру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) және Елизавета Матвеевалар (биіктікке секіру) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.