Саясат • 22 Мамыр, 2019

«Бәйтерек» 13 мың жобаны субсидиялады - А. Әріпханов

760 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов «БЖК-2020» бағдарламасының іске асырылуы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметі туралы айтып берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бәйтерек» 13 мың жобаны субсидиялады -  А. Әріпханов

«Бәйтерек» холдингі үшін шағын және орта бизнесті қолдау — оның жұмысының басты бағыттарының бірі. Ол үшін еншілес ұйым —  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жұмыс істейді, қор нарыққа 25 жыл бұрын шыққан.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы А. Әріпханов атап өткендей, мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілері кепілдік қамтамасыз ету жетпеген жағдайда несиелер бойынша субсидиялау және кепілдендіру түрінде қолдау ала алады.

«Біз шағын/моно қалалардағы және ауылдық жерлердегі экономиканың басымдықты салаларындағы бизнесті, сондай-ақ экспорттық әлеуетті, жақын және алыс шетелдердің нарығына шығатын біздің экспортшыларды қолдаймыз. Бұл бағдарлама іске қосылған уақыттан бері 13 мың жоба субсидияланып, 5 мың жоба кепілдендірілді (2010 ж. бері)», — деді А. Әріпханов.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы холдингтің бағдарламаларды іске асыру бойынша облыстардың әкімдіктерімен белсенді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Кәсіпкерлерге мұндай қолдау көрсету Қазақстан экономикасына ауқымды оң әсерін тигізеді. «БЖК-2020» бағдарламасы іске асырылған жылдары бағдарлама қатысушылары 900 млрд салық төлеген, 13,5 трлн теңгеге жуық сомаға өнім шығару қамтамасыз етілді. Оны іске асырудың арқасында 90 мыңнан астам жұмыс орындары құрылып, 312 мыңға жуық қазір бар бос орындарға қолдау білдірілді.

Сонымен қатар, «Даму» қорының желісі бойынша 18 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Қазақстанның 14 облысында Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары жұмыс істейді. Кәсіпкерлер үшін «бір терезе» қағидаты бойынша барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Орталықтың операция залдарында түрлі бағыттар бойынша кеңесшілер, сервистік компаниялар қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қорының өкілдері жұмыс істейді.

«2013 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылғаннан бері олардың базасында 349 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетіліп, оларға 545 мың кеңес берілді. 2018 жылдан бастап Қордың КҚКО базасында менеджерлер кәсіпкерлердің жобаларына олардың өтінімдерін екінші деңгейлі банктер мақұлдағанға дейін қолдау көрсету қызметтерін ұсынады», — деді А. Әріпханов.

2018 жылдан бастап 2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 7,7 жобаға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар А. Әріпханов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы тағы бес жылға созылатынын айтты. Айналымдағы қаржыларды толықтыруға субсидиялау және кепілдендіру бойынша несиелер көлемін 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Несие мақсаттарының тізімі кеңейтіледі - енді қазақстандық және шетелдік франчайзингті пайдаланумен өзінің бизнесін бастайтын немесе жұмыс істеп тұрған бизнесінің жаңа бағыттарын дамытатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетін болады. Бағдарламаға қатысушы операторлар арттырылады, оларға шағын қаржылық ұйымдар қосылады.

Бұдан өзге, холдинг «QazTech Ventures» АҚ еншілес ұйымы арқылы бизнес-инкубациялау жүйесін дамытады. Компания сыртқы сарапшыларды тартумен, жобаларды коммерцияландыру мәселелері бойынша инкубатордардың жұмысына консультациялық қолдау көрсетеді, сонымен қатар бизнес-инкубаторлар резиденттеріне жобаларды гранттық қолдауға ие болуда ықпал ететін болады. 2019 жылы кемінде 3 бизнес-инкубаторды қолдау жоспарланған.