Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Ақтөбе қаласының алдағы 150 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгінде өңірдің өндірістік, логистикалық және транзиттік әлеуеті зор екенін айтты.
– Аймақтың қарқынды даму үшін барлық мүмкіндік бар. Жергілікті кәсіпкерлердің белсенділігін атап өту керек. «Туған Жер» бағдарламасы аясында 1400-ден астам жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлар өңірде әлеуметтік нысандар салуға белсенді атсалысуда, – деді Қасым Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету Үкімет пен әкімдердің негізгі міндеті екенін айтты.
– Азаматтарға қажетті жағдай жасау барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндетіне айналуы тиіс. Мемлекеттің басты байлығы – азаматтар! Олардың тілектерін ескеріп, толғандырған мәселелерін шешу Үкіметтің негізгі қағидаты болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде өңірдің бірқатар шешілмеген мәселелерін де атап өтті.
– Облыстағы орташа жалақының көлемі – 141 мың теңге, ал республика бойынша 168 мың теңге. Бұдан бөлек, бірқатар аудан тұрғындарының табыс көлемінде айтарлықтай айырмашылық бар. Лайықты жалақы – халықтың әл-ауқатына ықпал ететін маңызды фактор. Сондықтан, азаматтарымыздың табысын арттыру әрқашан менің басты назарымда болады. Тұрғындардың табыс көлемі облыс әкімдіктерінің жұмыс көрсеткішіне айналуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй салуды, халықтың табысын арттыруды, іскерлік белсенділікті қолдап, орта тап қалыптастыруды, сондай-ақ, өңірдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға дейін 50 пайызға арттыру туралы Елбасының міндеттемесін еске салып, алдағы бес жылда бұл көрсеткіштің 30 пайызға жетуі тиіс екенін айтты.
– Облыс әкіміне «Бизнестің жол картасы – 2025» республикалық бағдарламасының аясында жүйелі шаралар қабылдауды тапсырамын. Биылдан бастап оған бөлінетін қаржы 30 миллиард теңгеге өсті. Кәсіпкерлер өз ісін дамыту үшін берілетін микронесиелерді кедергісіз алуы тиіс. Біз оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, болашағы бар әр жобаға көңіл бөлуіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдегі цифрландырылу деңгейінің төмен, ауылдардағы интернет шектеулі екенін айтып, елді мекендерді дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.
– Агроөнеркәсіп секторы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі арқауы. Ақтөбе облысы – жерінің көлемі жағынан еліміздегі ірі өңірлердің бірі. Әкімдік ауыл шаруашылығын дамыту үшін нақты жұмыс жоспарын әзірлеуі тиіс. Өңір азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаруы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Іс-шара соңында Қазақстан Президенті ақын Б.Қалмағанбетовті, еңбек ардагері С.Құсайынованы, Қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі әрі дирижері М.Құспановты, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының автокөлікті пайдалану жөніндегі шебері В. Плугинді және Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының медбикесі Л.Маршенинаны алғыс хаттармен марапаттады.
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 14:16
ШҚО-да Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 14:02
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:29
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар