Әлем • 22 Мамыр, 2019

Америкалық миллиардер студенттердің қарызын төлеп береді

958 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық миллиардер Роберт Смит Атлантадағы өзі оқыған Morehouse колледжіне келіп, биылғы түлектердің барлық қарыздарын төлейтінін айтты.

Америкалық миллиардер студенттердің қарызын төлеп береді

The Associated Press басылымының бағалауы бойынша, студенттердің қарызы 40 миллион долларға дейін жетеді, алайда Смит қаржының мөлшерін анықтап айтқан жоқ.

Роберт Смит өзінің іс-әрекетін колледжде өз оқуын төлей алмау себебінен тығырыққа тірелетін дарынды балалардың көп екенімен түсіндіреді. Оның айтуынша, студенттер тек өз нанымы мен шығармашылығының ғана «тұтқыны» болуы тиіс.

Айта кетейік, 2018 жылы Forbes Смитті ең бай афро-америкалық деп таныды. Басылымның мәліметтері бойынша, 2019 жылдың мамыр айында Смиттің қаржылық жағдайы 5 млрд долларды құраған.