05 Қаңтар, 2013

Жүк артпайық жүрекке

340 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жүк артпайық жүрекке

Сенбі, 5 қаңтар 2013 7:33

Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауларында денсаулық сақ­тау саласына байланысты нақ­ты тапсырмалар береді. Соның нәтижесінде мемле­кет­тік бағ­дар­ламалар қабылданып, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмен­де­ту­ге басты назар аударылуда. Соңғы үш жыл көлемінде Оң­түстік Қазақстан облысында осы салада ауыз толтырып ай­тарлықтай жұмыстар атқарыл­ды. Бұл ретте, облыс көлемінде кардиологиялық және кардио­хи­рургиялық қызметті ұйым­дас­тырып отырған облыстық кардиологиялық орталықтың тындырып жатқан жұмысы зор.

Сенбі, 5 қаңтар 2013 7:33

Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауларында денсаулық сақ­тау саласына байланысты нақ­ты тапсырмалар береді. Соның нәтижесінде мемле­кет­тік бағ­дар­ламалар қабылданып, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін төмен­де­ту­ге басты назар аударылуда. Соңғы үш жыл көлемінде Оң­түстік Қазақстан облысында осы салада ауыз толтырып ай­тарлықтай жұмыстар атқарыл­ды. Бұл ретте, облыс көлемінде кардиологиялық және кардио­хи­рургиялық қызметті ұйым­дас­тырып отырған облыстық кардиологиялық орталықтың тындырып жатқан жұмысы зор. Кардиоорталық жедел жәрдем көрсететін мекеме болған­дық­тан, тәулік бойы жұмыс істейді. Сондықтан, облыс бойынша кез келген жедел жәрдемге зәру ауыр науқастар­ды күндіз-түні осында алып келіп жатады. Кар­диоорталықтың қызметк­ер­лері керек болған жағдайда қа­лалар мен аудандардағы меди­циналық мекемелерге барып консультативтік көмек көрсе­те­ді. Одан басқа орталықта кон­сультативті-диагностикалық емхана бар, оған әрбір меди­ци­на­лық мекеменің жолдамасымен науқастар келіп, диагностика­лық және емдік кеңестер ала алады.

Оңтүстік Қазақстан облысында халық тығыз орналасқан. Өңірде 2 миллион 600 мыңдай адам тұрады. Әрине, көпшілікті ортада түрлі аурудың белең алатыны белгілі. Дұрыс тамақ­тан­бау, ден­сау­лыққа көңіл бөлмеу, артық салмақ қосу, эколо­гия­ның дұрыс сақталмауы секілді факторлар жү­рек-қан тамырлары ауруларының көбеюіне соқ­тырады. Оның үстіне халқы­мыз­дың қанына сің­ген жаман әдет – көпшілік жұрт ауруы әб­ден мең­деген тұста, жан ал­қым­ға таянғанда барып дәрі­гердің есігін қағады. Мұндай кезде жәрдем беру ең білікті деген маманның өзіне ауыр соғады. Нәтижесінде, жүрек және қан тамыры аурулары­ның салдарынан еңбек қабілетін жоғалту­шы­лар саны өсіп, мемлекеті­міз­ге орасан зор әлеуметтік және экономикалық зиян келтіріп отыр.

Қазіргі уақытта кардиоор­та­лық соңғы диаг­нос­тикалық жә­не емдік әдіс-тәсілдерді қол­да­нып жатыр. Соңғы жылдары Орталық бірқатар диаг­ностика­лық анықтау және емдеу аппараттарымен жабдықталды. Бү­гінгі күні жүрек-қан тамырлары ауруының кез-келген түріне диагноз қойып, жоғары дәрежеде емдік шараларын жасауға мүм­кіндігі бар. Осы ретте әрқай­сы­сы 200 миллион теңгеден астам тұратын ангиографиялық қон­дырғылар әкелінді. Олар тәулік бойына қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың көмегімен жүрек­тің тікелей тамырларын тексе­ріп, қай жері қысылып, бітеліп тұр, соларды анықтап, ашып, стент қою операциялары жасалынуда. Айта кету керек, жүрек ауруының көбісі дәрі-дәрмек­пен емделмей­ді. Оған тек операция жасау арқылы ғана кө­мектесуге болады. Жалпы, кар­диоорталықта 132 төсек-орын бар, оның 32-сі кардиохи­рур­гиялық бөлімшеге тиесілі. Кез келген күрделі операцияны жасайтын 2 ота жасау блогы бар.

Бүгінгі күнге дейін орталық­та жүрекке байланысты 1155 ота жасалынды. Яғни, 1155 жү­рек қайта соқты десек те болады. Мұнда Қазақстан, Ресей, Польша, Түркия, Литва, Германия және Израиль клиникаларында дайындықтан өткен мамандар жұмыс істейді. Білік­ті­лік дәрежелері жоғары. Олар жүрекке жасайтын операция­лар­дың барлық түрін меңгерген.

Былтырғы жылы Орталыққа 239 миллион тең­­­геге аритмияны емдейтін жаңа қондырғы сатып алынды. Соның көмегімен жүректің ішіндегі элек­­тро­фи­зио­логиялық өзгерістерді зерттеу, жү­рек ыр­ға­ғы бұзылған нау­қастарға электрокардиостимулятор қою, сонымен қатар күр­делі арит­мияларға ра­дио­жиілікті аблация операциялары жасалынуда. Бұл уақытқа дейін мұндай операциялар тек Астанада ғана жасалынатын. Биыл­дың өзінде жүрегінің ырғағы бұзылған 88 науқасқа операция жасалынды.

2011 жылы наурыз айында кардиоорталықта аймақтық деңгейде бірінші болып балалар кардио­хирургиясы бөлімшесі ашылды. Республика бойынша дүниеге келетін сәбилердің 25 пайызы біздің облыста. Алайда, қазір 3000-ға жуық жүрек ақауымен туылған сәби есепте тұр. Оның 75 пайызы операцияны қажет етеді. Жалпы, бүгінгі күні кардиоорталықта 262 сәби­ге операция жасалынды. Одан бөлек 17 баланың жүрек ақауы­на тамырішілік катетр арқылы Окклюдер Amplazer қалқанша­сы қойылды. Нәтижелері өте жақсы. Сонымен қатар кардио­ор­талықта жүрек ишемиясы бар науқастарға эндоваскулярлық стенттеу операциялары жақсы дамыған. Бүгінгі күні 1200 нау­қастың жүрек тамырына стент қойылды.

Жалпы, біздің мақсат – кар­диологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту. Ол үшін халықты Алматы мен Ас­танаға сабылтпай, бар­­лық кар­диологиялық және кардиохи­рур­гиялық кө­мекті халықара­лық стандартқа сай деңгейде өзі­мізде көрсетуіміз керек. Бұл мақсатқа Үкімет тарапынан да, жергілікті биліктен де кардио­орталыққа үлкен қаржылық кө­мектер көрсетілуде. Қысқасы, об­лыстық кардиоорталықтың қа­зіргі жағ­дайы дүние­жүзілік стан­­дартқа сай деп айтуға болады.

Жоғарыда айтылған иннова­циялық техноло­гия­лық емдік шараларды енгізу нәтижесінде және кардиоорталықтың жетек­шілігімен атқарылып жатқан об­лыстағы ұйымдастыру, ауру­дың алдын-алу іс-шараларының арқасында 2012 жылдың 7 айында өткен жылдың осы кезе­ңімен салыс­тырғанда жүрек-қан тамырлары ауруынан болатын өлім-жітім 44 пайызға, оның ішінде жүректің ишемия­лық ауруынан болатын өлім-жітім 53 пайызға төмендеді.

Әркімнің денсаулығы өз қолында. Ең бастысы, адамдар өзара түсіністікте әрекет етіп, әр істе сабыр сақтай білуі керек. Сонда ғана жүрекке салмақ түспейді.

Спандияр БЕКЖІГІТОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық

орталықтың бас дәрігері, медицина

ғылымдарының докторы, профессор.

Оңтүстік Қазақстан облысы.