Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда славян жазуы мен мәдениеті күні өтті

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері славян жазуы мен мәдениеті күніне орай ұйымдастырылған фестиваль аясында шеберлік сағатын өткізді.

Солтүстік Қазақстанда славян жазуы мен мәдениеті күні өтті

Олардың  айтуынша славян жазуын тоғызыншы  ғасырда ағайынды  Кирилл мен Мефодий енгізген. Жаңа алфавит әулие Константиннің құрметіне "кириллица" деп аталған. Шара барысында осыдан 116 жыл бұрын жазылған  «Хат жазуға үйрету» атты кітап негізінде әріптердің жазылуы мен сия қаламдардың шығу тарихы таныстырылды. Мұндай көне кітап тек отбасылық кітапханаларда, оның өзінде өте сирек кездеседі екен.

Шеберлік сағатына қатысушылар 1996 жылы ашылған  сирек кітаптар мұражайымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл жерде 18-19 ғасырларда жазылған  3000- ға жуық шығарма сақтаулы тұр. Олардың ішінде  ең көнесі– «Псалтырь» кітабы.  Бұл туындыны тек республикалық  Ұлттық кітапхана мен осы өңірдегі кітапханадан ғана табуға болады.

«Бұл кітап  көне славян тілінде жазылған. Салмағы өте ауыр. Максим Горький  өзінің еңбегінде бала күнімде Псалтырь кітабын оқып өскенмін деп жазып қалдырған екен», дейді  жергілікті өлкетанушы Лидия Мелехина.

Кітапты оқу өте қиын, тек қазіргі әріптерге ұқсастарын ғана ажыратуға болады. Кітапхана оны кезінде қымбат бағаға сатып алған.


Солтүстік Қазақстан облысы