Әлем • 24 Мамыр, 2019

Ұлыбританияда пластикалық өнімдерге тыйым салынады

997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел үкіметі сусынға арналған түтікшелер, пластик араластырғыштар мен пластиктен жасалған құлақ тазалайтын құралдарға келесі жылдың сәуірінен бастап Ұлыбританияда сатуға және пайдалануға тыйым салынатынын растады.

Ұлыбританияда пластикалық өнімдерге тыйым салынады

Photograph: Eric Gaillard/Reuters

Бұл қадам елдегі қоқыс пен олардың қоршаған ортаға зиянын айтарлықтай азайту мақсатында жасалып отыр. Өйткені жыл сайын бұл мемлекетте 5 миллиардқа жуық сусынға арналған түтікшелер, 300 миллион пластик араластырғыштар және 2 миллиардқа жуық пластиктен жасалған құлақ тазалайтын құралдар қолданылады.

Қоршаған орта министрі Майкл Гоув: «Пластикалық ластануға қарсы күрес үшін шұғыл және шешуші шаралар қабылдау қажет. Бұл заттар бірнеше минут ішінде жиі пайдаланылады, бірақ олардың қоршаған ортаға зиян мөлшерін жою үшін жүздеген жыл қажет» деді.