Қоғам • 27 Мамыр, 2019

Интернет қатерлері

7931 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

2019 жылдың көктемінде интернеттің пайда болғанына 30 жыл толды. Қазіргі уақытта интернетке қолжетімділіктің кеңеюі – заманауи үрдістердің бірі. Бүгін біз ғаламдық желіні тек өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік дамудың қажетті шарты деп қабылдаймыз. Интернеттің таралу қарқыны таңғалдырады: 50 миллиондық аудиторияны қамту үшін радиоға 30 жыл, теледидарға 13 жыл қажет болса, ал интернетке тек 4 жыл жеткілікті болды.

Интернет қатерлері

Интернеттің таралу жылдамдығы үнемі өсіп келеді. Интернетті пайда­ла­­нушылар 2008 жылы 1 мил­лиард­­­қа жетіп, оған 19 жыл жұм­са­ды. 2019 жылдың басында We Are Social ұйымының мәліметі бойын­ша ғаламтор аудиториясы 4,39 мил­лиард­қа жетіп, әлем халқының жар­тысынан астамын құрады. 2018 жыл­мен салыстырғанда ғаламтор пай­да­ланушылардың саны 366 млн адам­ға артты. Интернеттегі халықтың өсуі­мен қа­тар әлеуметтік желілердің пайда­лану­шылары да артып келеді. 2019 жыл­дың қаңтарында әлеуметтік желі­лерде 3,48 млрд пайдаланушы тір­келді. Көптеген интернетті пайдалану­шылар ұялы байланыс арқылы Интернетке қол жеткізеді. Бүгінгі таңда SIM-карталар саны планета тұрғындарының жалпы санынан асады. Мысалы, Қазақстанда 26,5 млн SIM-карталар пайдаланылады, ал адам­дардың жалпы саны шамамен – 18,5 млн адам.

Ғаламдық желі пайда­ла­ну­шы­ла­рының саны ғана емес, интернет кеңіс­тігіне жұмсалатын уақыт та өсуде. GlobalWebIndex сарапшылары 2018 жылы тек қана интернетті пайдаланушылардың онлайн режімде өткізген уақыты 1 млрд жыл екенін анықтады. Бірақ мәселе тек цифрлы көрсеткіштерде емес. Өйткені адам тіршілігінің барлық процестері кибер­кеңіс­тікке ауыстырылады. Интернетті тек хат алмасу және қажетті ақпаратты алу үшін ғана қолдану келмеске кеткен. Бүгінде интернетте біз жұмыс істейміз, үйренеміз, азаматтық құқық­та­рымызды қолданамыз, ол арқылы көңіл көтереміз, саяхаттаймыз, қажет­ті заттарға ие боламыз және басқа да көптеген нәрселер жасаймыз. Интер­не­ттің пайда болуы (IOT) адамзатқа Төртінші индустриялық революция кезеңіне өтуге мүмкіндік берді және жаңа технологиялық құрылымды құ­ру­ға кірісті.

Қазақстан Республикасының ҰЭМ ста­тис­тика комитетінің де­рек­тері бо­йын­ша елімізде 2018 жылы 6-74 жас аралығындағы интер­нет пайдаланушылардың үлесі 81,3% құрады. Са­лыстырмалы түрде айтсақ, 2011 жылы бұл көрсеткіш тек 51,3% құ­раған. 6 жастан 15 жас аралы­ғын­дағы балалардың  интернетті пайда­лануы 72,9% құрады. Ересек тұр­ғындардың ішінде интернетті пай­даланушылардың ең көп саны Нұр-Сұлтан (90,1%), Алматы (88,2%) және Қостанай (88%) қалаларында тіркелген. Интернетті пайдаланатын балалар саны бойынша Қазақстанда үш өңір көш бастады: Нұр-Сұлтан (78,6%), Түркістан (83,7%), Жамбыл және Павлодар облыстары (77,4%).

Қазақс­тандықтар көптен бері түр­­лі электронды гаджеттерді қол­­да­нып келеді. Ең танымалы – бұл қауіп­сіздік пен саламатты өмір сал­тына бағытталған электр­он­ды құ­рыл­ғылар. Халық үшін гаджеттердің маңыздылығы әртүрлі әлеумет­тік сауалнамалардың нәтижесі арқы­лы айқын көрінеді. Мысалға, азамат­тар­дың 16%-ы үнемділікке байланысты гаджеттерден бас тартуға дайын, ал қалған уақыттарды қазақ­стан­дықтар жұмыс істеуге жұмсайды.

2018 жылдың басынан елімізде ауқымды «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­­ламасы жүзеге асырылуда. Бағ­дар­­лама Қазақстанның экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифр­лы технологияларды қолдану арқы­лы халықтың өмір сүру сапасын арт­тыру мақсатында қолға алынды. Бағдарламаның алғашқы жылы экономикалық тиімділік 218 млрд теңгені құрады. Бүгінде біз білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінде, мем­ле­кет­тік қызмет көрсету және өндірісті ұйымдастыруда оң өзгерістерді көріп отырмыз. SMART компаниясының қалалар инфрақұрылымын және қызмет­терін басқаруға арналған SMART жүйесін түрлі халықаралық құры­лымдар жоғары бағалайды.

Цифрлы технологияны пайда­ла­нудың және интернетті пайдалану аумағын кеңейтудің оң әсері күмән туғызбайды. Сонымен қатар кез кел­ген құбылыс секілді интернеттің қол­­да­нылуы өте қауіпті екенін де мойын­­дау керек. Интернеттегі қауіп-қа­тер­лерді тізіп шығу қиын. Олар әртүр­лі салаларда – әлеуметтік, саяси, қаржы­лық, имидждік, физиологиялық және т.б. көрініс береді. Бірақ олар­дың барлығы бір жағынан біз­дің өмі­рі­міз­ді қиындатып, ден­сау­лы­ғымыз бен әл-ауқатымызға зиян келтіре алады.

Киберқылмыс – ең көп талқы­ла­натын және қарапайым тақырып. Элек­тронды құрылғылардың ви­рус­тық инфекциясының қаупі туралы ешқашан естімеген интернет пайдаланушысын кездестірмейміз. Қазір біз нақты интернет-ресурстардың жеке мақсатты шабуылымен ғана айна­лы­сып жатырмыз. Соңғы бірнеше жылдағы тәжірибе көрсеткендей, ви­рустар ондаған елдерді және мил­лион­даған жеке құрылғыларды қам­титын пандемия сипатына ие. Кибер­шабуыл бұл құрылғыны өші­ру­ді емес, пайдаланушылардың құрыл­ғыларынан ақпаратты заңсыз және жасырын түрде жинауды көз­дей­ді. Бұл жағдайда енгізілген зиян­­ды бағдар­ламаларды уақтылы анықтау қиын­дық туғызып тұр. Шпион­дық бағдарламалардың ең ай­қын мысал­да­рының бірі Red October вирусын жұқтыру болды. 20 мем­лекеттің дип­ломатиялық және мем­ле­кеттік құры­лымдары, ғылыми-зерт­теу инс­титуттары және басқа да құры­лым­да­рының жүйесі инфекциядан зардап шекті. Вирус 2012 жылы әре­кет ете бастап, тек 5 жыл өткен соң анық­талды.

Бүгінгі таңда шабуылға және қор­қы­­тып-үркітуге бағытталған фишинг­тік техника басымдыққа ие. Ең таны­мал бопсалау құралдарының бірі WannaCry. Ол 2017 жылдың мамыр айында әлемнің 150 елінде жүздеген мың компьютерлерге шабуыл жасады. Компьютерге кіретін вирус барлық қолжетімді деректерді компьютерде жұмыс істемеуі үшін шифрлайды. Шабуылдарды құлыптау үшін 200-600 доллар көлемінде төлем талап етілді. Киберқауіпсіздік сарап­шы­ларының пікірінше, алғашқы төрт күнде вирустық инфекциядан жаһан­дық зиян 1 млрд доллар болды. Қазақ­стан – WannaCry вирусынан зар­дап шеккен ұйымдардың саны бо­йынша әлемде 6-орында. Мәселенің мәні «Касперский зертханасының» деректерімен расталады. Оған сәйкес 2019 жылғы 19 мамырда Қазақстан компьютерлік инфрақұрылымда жасал­ған шабуылдардың есебі бойын­ша әлемде 15-орынға көтерілген.

Ақпараттық соғыстардың тарихы көне ғасырлардан бері белгілі, бірақ өткен ғасырдың 90-жылда­рын­да әлеуметтік процестерде компь­ю­терлік инфекция логикасын қол­да­ну мүмкіндіктері проблеманы кү­шей­тіп жіберді. Вирустық идеялар­ды адам­дардың санасына енгізу арқы­лы олардың мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. ХХІ ғасырдың екінші онжыл­дығынан бастап бұл көзқарас терро­ристік ұйымдарда белсенді түрде қолданылады. Осы технология­ны пайдалану нәтижесінде әлемнің жүз елінен жүздеген мың азамат Сирия­да­­ғы ДАИШ содырларына қосылды.

Интернетті пайдаланушылардың сана­сын бұзатын жағдай аз саясат­тан­дырылғандықтан да орын алады. Бұл тұрғыда жасөспірімдерге арнал­ған түрлі «өлім топтарының» әлеуметтік желілерде таралуын атауға болады. Әлбетте, жаһандық желіні пайда­лануға тыйым салу шаралары мен шектеулер тиісті шешім деп санау­ға болмайды. Болашақтың әлемі – цифрлы технологиялар мен интернет әлемі. Баланы интернетке кіру құқығын шектеу цифрлы технология­ны пайдалану мен білімдерін кеңей­ту­дің қажетті дағдыларын иелену мүмкіндігінен айырады. Сондықтан бү­гінгі ата-аналардың дәстүрлі мін­дет­­терінің қатарына интернеттің мүм­кіндіктері мен ондағы жасырын қауіп­тер туралы хабардар болуды қосу керек. Балаларға бұл мектептегі компь­ютерлік сабақтарда айтылады, бірақ үйде ата-аналар бақылауды күшей­­туі тиіс.

Интернетті пайдалану кезінде балалар мен ересектер назарға алынуы тиіс тағы бір маңызды фактор бар. Зерттеушілер ғаламторда ұзақ отыру ақпа­­раттық шу мен ми жүктемесінің пайда болуына ықпал етеді деп айтады. Нәтижесінде бүкіл денеге зиян кел­тіретін «стресті» сезінеді. Интер­нет клиптік ойлау, сыни ойлау қабілетін азайтады және есте сақтау жағ­дайына кері әсер етеді. Белгілі бір тақы­рып­­тарда «скотч-мысықтар», ойын­дар, beauty-лайфхактар, күлкі және басқа­лар біртіндеп ой-өрісті азайтады және интернетке тәуелділік қаупін арттырады. Дәрігерлер адамдардың мони­тор алдында неғұрлым көп уақыт өткізсе, соғұрлым олар аз қозға­ла­ды, интернет-коммуникация­лар бір­тін­деп тікелей байланысты «өлті­ріп», эмоция­лық интеллектті кедей­лен­ді­ре­ді деп санайды.

Интернеттегі барлық тәуекелдер мен қауіптер адамдарға ғылыми және технологиялық жетістіктерден бас тарт­қыза алмайды, бірақ әрбір нәрсе­нің шегі болады. Егер біз интернеттегі жұмсалатын уақытты азайтып, серуен­деу­ге, театрларға және көрмелерге бара­тын болсақ, жақындарымызбен ара­­ласып, мұқтаж адамдарға көмек­тес­сек, біздің өміріміз жақсара түседі.

 

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры