Қоғам • 28 Мамыр, 2019

Темекі өнімдерін сатуға тыйым салу өмірді ұзарта ма?

1951 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының ережелері күшіне енсе, темекі шығарушыларға да, сатушыларға да, шегетіндерге де кедергі туатыны сөзсіз. Мұндай шешім қабылдау мемлекетке де аз шығын әкелмейді. Алайда, адам денсаулығынан қымбат не бар?..

Темекі өнімдерін сатуға тыйым салу өмірді ұзарта ма?

Дегенмен осы күндері еліміз­дегі Сауда кәсіпорындары қауым­дастығы дабыл қағуға көшіп, уәж­дерін алға тартып отыр. Кодекс жобасының ережелеріне бай­л­анысты елдегі мыңдаған сауда нүк­телері шығынға батады деп алдын ала дабыл қағуда. Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған аталған жоба аясында қазір мақұлдастыру рәсімдері өткізіліп жатыр. 

Қазақстан сауда кәсіпорын­да­ры қа­уымдастығының вице-пре­зи­денті Жібек Әжібаеваның ай­туын­­ша, темекіні сауда сөре­леріне жайғастыруға тыйым салу 2013 жылы талқыланып, қабыл­дан­бай қалған еді. Өйткені бұл нор­­ма мақсатқа сай емес және шы­­лым шегуге қарсы күресуге кө­­мек­­тесе алмайды деген ше­шім шыққан.

– Денсаулық сақтау министр­лігі бұл мәселені тағы да көтеріп отыр­­­­­ға­ны түсі­нік­сіз. Темекі – ішім­­­дік не­месе құ­рамын­дағы қан­ты мен тұзы көп өнімдер секіл­ді заң­­ды тауар. Шынын айтқанда, бұл өнім­­дердің тұтынушыларға зиян кел­­тіру деңгейі темекіге қара­­­­ған­д­а әл­де­қай­да жоғары. Мұн­­­­дай қи­­сынға сала­тын бол­сақ, онда б­ү­кіл тауарларды жай­ғас­­тыру­ға ты­­йым салу қажет, – дейді Ж.Әжібаева.

Бірақ саудагерлер қант пен тұз дәл темекі өнімдері сияқты тәуелділік тудырмайтынын қаперге алғысы келмейтін секілді.

Қазақстандағы барлық дүкендер мен супермаркеттерді біріктіріп отырған және олардың мүддесін қорғаумен айна­лысатын Сауда кәсіпорындары қауым­­дастығы басшысының пікірін­ше, Кодекстің жаңа нормалары міндет­ті түрде мемлекеттік бюджетке түсе­тін салық­тың айтарлықтай қыс­қаруы­на, контра­фак­талық өнімдер­дің кө­беюі­не, сон­дай-ақ жұмыс орындары­ның қыс­қаруына және шағын кәсіпорын­дардың жабылуына алып келмек.

AC Nielsen мәліметтері бойынша, 2018 жылы Қазақстандағы контрафакталық өнім үлесі шамамен 1,8-2%-ды құраған. Осы­лайша мемлекеттік бюджет салық тү­рін­де түсетін ең кем дегенде 1,9 млрд тең­ге қаржыдан айрылып қалған көрінеді. 

«Темекіні көрнекі жайғас­тыруға ты­йым салу сатушы сө­­­ресіне тығып са­ты­латын­ кон­­­­­­трафакталық өнімнің тү­су ық­­­­тималдығын арттыратыны дә­лелденген. Мәселен  беделді AC Nielsen халықаралық агент­тігінің мәліметі бойынша, көр­шілес Ресейде 2014 жылы те­ме­кіні ашық сатуға тыйым сал­ғаннан кейін, заңсыз темекі өнім­дерінің сатылымы 2013 жы­­лы 19,3%-дан 2016 жылы 28,3%-ға дейін жеткен», дей­ді Сауда кәсіпорындары қауым­­дастығының президенті Нұр­садық Әбішев.

Алайда адамның өмірін де, екі өк­песін де тұншықтырған темекі деген жа­пырақ та – әзәзіл. Бұл қадамға барып отыр­­ған мемлекет үшін бастапқыда қан­дай қиындықтар мен кедергілер туындаса да – ол сол ел халқының денсаулығынан ар­­тық емес. 

Сондай-ақ ритейл төмен­дегідей уәжді тықпалап отыр. Те­мекіні жайғастыруға ты­йым салынғанымен, бұл темекі ше­гу деңгейінің қаз-қалпында қалуына алып келген, мұны бас­қа елдердің тәжірибесі көр­­сетіп отыр. Мәселен, Ка­­нада мен Ир­лан­дияда тыйым­ салынғаннан кейін, ша­ғын дүкендердегі саты­лым төмендеп, заңсыз сауда айтарлықтай өскен. Ирландияда тыйым салынғаннан кейінгі ай­налымдағы заңсыз өнімнің бас­тапқы үлесі 12%-ға жуық бол­ған, бұл тұста олардың жар­тысы кон­трафакталық өнім болған. Ал қазіргі таңда Ирландиядағы заң­­сыз өнім үлесі бүкіл жалпы нарықтың 25%-ын құрап отыр. 

Тура осындай жағдай басқа да ха­лық­аралық нарықтарда орын алды: Канаданың Онтарио жә­не Квебек провинцияларында алғаш рет темекі өнімдерін жай­­­­ғастыруға тыйым салынған кез­де, заңсыз сау­да­ның жедел қар­қынмен өс­кені байқалған (Онтариода 2007 жылы 31,6%-дан 48,6%-ға дейін және Квебекте 2007 жылы 30,5%-дан 40,1%-ға дейін). 
Бірқатар сауда нүктелері үшін темекі өнімдеріне арналған сө­ре­­лерді қайта жабдықтауға бай­ланысты шығындар ауыр талап­қа айналуы мүмкін. Те­мекіні сақтау­ға және сату­шының сұрауы бойын­­ша ғана темекіні көрсетуге мүм­кіндік беретін ар­найы сауда жаб­дықтың орташа құны 180 мың теңге тұрады. Осы­лайша мұн­дай жабдықты са­тып алуға кететін шығын ша­­ғын және орта биз­нестің, әсі­ресе, шағын бөлшек сауда нүк­теле­рінің мойнына жүк болып түседі-міс. 
Алайда ортанқол темекі ше­гетін әрбір адам жылына кем де­­генде 1 мың АҚШ долларына шығындалып қана қоймай, өз өмі­рін де, келешегін де ула­п­ отыр­ғанын неге қаперден шыға­ра­мыз?!
Сол сияқты қоғам белсен­ділері бұл шешімдер не дүкен­дердің жабылуына, не темекіні заң­сыз сатуға алып келеді деп алаң­дап отырған жайы бар екен. Кодекске енгізілген түзетулер жүз­деген сауда нүктелерін та­қыр­ға отырғызбақ. Шағын сауда нүк­телерінің табысы кем дегенде 25%-ға темекі өнімдерін өткізуге тәуел­ді.

«Шағын дүкендер – Қазақ­­стан­дағы көптеген отба­сы­лардың басты табыс көзі, соның ішін­де менің отбасым да бар. Теме­кі сөрелерін жабу, арнайы жаб­дықтар сатып алу біздің қал­тамызға ауыртпалық салмақ. Біз салық төлеп, адамдарға жұмыс береміз. Ал бізді енді күнделікті та­бысымыздың төрттен бірі­нен айырмақшы. Темекі қо­рап­та­ры­на қорқынышты суреттерді жап­­сыру, темекі ба­ғасын көтеру, осы уақыт ішінде енгізілген ты­йым­дар еш нәтиже бермеген болса, неліктен сөрелерді жа­бу бұл мә­селені шеше алмақ? Мұн­дай нор­ма ірі және шағын сауда нүк­телерін теңсіз жағдайға қойып отыр деп есептеймін», деп ­наразылығын білдірді алма­т­ы­лық дүкендердің бірінің қо­жайыны Айгүл Ибраева.

Әрине, бұл баспасөз мәсли­хатына ритейл дайын­­дықпен кел­гені сөзсіз. Бірақ ша­ғын биз­­­нестің иесі бесіктен белі шық­­паған ба­ла­сының шы­лым­ға әуес бол­ғанын қалар ма екен?­ Аз­­ды-көпті пайда үшін жа­қын­да­рының те­ме­кі­нің зия­нынан өмірі қыс­қар­ға­ны­на, түрлі дерттерге душар бол­ғанына келі­сер ме еді?

Сонымен еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері заң жо­басына қарсы қол жинау­ды бас­тап кетті. Қазір оған 2500 адам қол қойған көрінеді. Кәсіпкерлер петицияны ел үкі­метіне жолдайын деп отыр. Сонымен қа­тар кәсіпкерлер Ко­декстің жа­ңа нормаларына қатысты нара­зылықтарын біл­діру үшін бейне-үндеуді дайын­дап қойған. 

Қауымдастық өкілдері те­мек­і шегуге қатысты мәселені са­ламатты өмір салтын насихаттауды күшейту және өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу ша­раларын өт­кізу арқылы ше­шуді ұсынады. Ал дұрыс ой­ластырылмаған тыйым салулар елдегі шағын және орта бизнес табына, сондай-ақ мем­лекеттік және жергілікті бюд­жетке орны толмас зиян кел­тіреді деседі. 

«Тұңғыш Президент Нұр­сұл­тан Назарбаев Қазақстан хал­қына Жол­дауында ша­ғын және орта бизнесті ел экономикасының басты­ қоз­ғалт­қышы деп атады. Осы саланың қызметіне жан-жақты қол­дау көрсету жа­ңа жұмыс орын­дарының құ­­ры­луына, әлеуметтік мә­селелердің шешілуіне, сондай-ақ на­рықтағы тепе-теңдіктің орнауына алып келмек. Алайда іс жүзінде мем­лекеттік органдар шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін нор­малар­ды да­йындап отыр» деген Сауда кәсіпорындары қауымдастығы темекі сатудан бөлек, табыс та­­будың мың түрлі жолы бар екенін ұмытпағаны ләзім.

Иә, адам денсаулығынан ар­тық, адам денсаулығынан қым­бат не бар?

АЛМАТЫ