Бүгін олардың қай бағытқа басымдық беретіні Алматыда кездесуде белгілі болды: Бірінен соң бірі жарыссөзге шыққан компания өкілдері ғаламтор арқылы қаржы табу, жарнама берудің түрлі жолдарын ұсынды: «Мail.ru» компаниясы ғаламтор өнімдері мәселелерімен айналысатын бөлімнің жетекшісі Жәмила Досыби салған жерден қазақстандықтардың экономикалық белсенді тұрғындарының 80 пайызы өздерінің қызметіне жүгінетінін айтты. Осыдан бірер жыл бұрын «ВК» немесе «Однокласники» топтары арқылы экономикалық және әлеуметтік белсенді топтың бетін бері қаратып алған компания енді жазылушыларын ғаламтор арқылы қаржы табуға немесе жарнама беруге үйретуге белсені кірісіп кеткенін мәлім етті. Компанияның таргеттеу желісі бойынша жазылушылардың әлеуметтік мәртебесін немесе қанша қаржы табатынын анықтау оларға түк те қиын соқпайды екен. Бұл, Жәмила Досыбидің пайымдауынша, жаылушылардың интернет дүкендегі заттарға лүпіл басу немесе сырттай шолуларына қарап-ақ байқалуға болады екен.
«Айлық табысы 10 0000 мың теңгеден аспайтын клиент бағасы шамамен 40-50 мың теңге тұратын заттарды көреді немесе соған тапсырыс береді. Біздің ендігі ұранымыз «Біз сіздер туралы бәрін білеміз, біз сіздердің талғамдарыңызға қарап бағыт-бағдарымызды әртараптандыра аламыз» деген көзқарастың айналасында болады», дейді Жәмила Досыби.
Сондай-ақ, Жәмила Досыби қазіргі интеграция заманында тұрғындардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығы ғаламтор бойынша қызмет көрсететін компаниялардың бағыт-бағдарына ықпал ете алатынын айтты: Алпауыт компаниялардың өздері тұрғындардың сауаттылығына мүдделі екен. Сол себепті олар 2018 -2019 жылдар арасында Қазақстанның шалғай аудандарында бизнес –тренингтер өткізіп қайтыпты. Мұның нәтижесі көп күттірмеген. Қазір «Мail.ru» тобының қолданушылары 16-18 жастан 40-55 жас аралығындағы аудиторияны өздеріне қаратып үлгеріпті.
Біз қазір аудиториямыздың мүмкіндіктерін саралап жатырмыз. Қазір ғаламтор бойынша жылдам дайындалатын тамақ беруге байланысты жобамыз өзін-өзі ақтады: Енді, мүмкін қор биржаларымен байланысқа шығып, тұтынушыларымыздың акциялар нарығына деген ықыласын байқап көретін боламыз», деп атап өтті Жәмила Досыби.
Сарапшылар ғаламтор бойынша сервистік қызмет көрсету бойынша бәсеке «Мail.ru», Рамблер және Яндекстің арасында болғанын айтады. Қазір «Мail.ru» мен «Яндекс» нарықтың осы сегментінің генераторы.
«1990-2000 жылдардың бас кезіне дейін компаниялардың жұмысында аса өзгеріс байқала қоймайды: Мысалы «Мail.ru» компаниясының танымалдылығына электронды желі ғана емес, «Мой мир » таргеттеу желісі көп әсер етті. Технологиялардың дамуы бағыт–бағдарымызды әртараптандырды. Мысалы, соңғы үш компанияның бағыт –бағдарында ұқсастық көп. Үшеуі де түрлі тақырыптар бойынша сұраныс қабылдайды, жарнама арқылы табыс табуды ұсынады. Әзірге Яндехс қызмет түріне көліктік қызмет көрсету желісін қосып, бізден ерекшеленіп үлгірді. Бұл жаңалық бізге осыған дейін басым болып келген кейбір бағыттарды өзгертуге тура келіп тұр», деп сөзін аяқтады Жәмила Досыби.
«Яндекс» команиясының өкілі Оксана Пешкова соңғы жылдары интернет сервис бойынша сұрау салатын топтың қазақ тілді сегментінің қатарының көбейіп келе жатқанын айтты. Мысалы, 2000 жылдардың бас кезінде компания ұсынған қызмет түріне жүгінетіндердің 90 пайызы өзге тілдер болса, қазір 65 пайыз қазақ тілді сегментің үлесінде екен. Биылғы жылдың мамыр айында «Яндекс» компаниясы өзінің жеке гаджетін шығарып үлгерді.