18 Сәуір, 2013

Болашақтың қамы үшін керек

292 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Болашақтың қамы үшін керек

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:21

Бұдан он бес жыл бұрын еліміздің зейнетақы жүйесінде реформа жасалған еді. Енді, міне, тағы бір жаңғыртуды бастан кешіргелі тұрмыз. Жалпы, жаңғыртудың мақсаты – зейнетақы төлемдерінің еліміздегі өмір сүру деңгейіне сәйкес өсуін, жүйенің қаржылық жағынан тұрақты болуын қамтамасыз ету. Ол негізінен өз бетінше жұмыспен айналысатын халық, әйелдер, сонымен қатар, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға қатысты әзірленген. Жаңа заң бойынша барлық зейнетақы қорларының басы біріктіріліп, Үкіметтің басқаруындағы Біртұтас зейнетақы жинақтау қоры құрылады. Заң жобасы бойынша акционерлік қоғам негізінде құрылатын Біртұтас зейнетақы жинақтау қорының құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Үкіметі. Оған ел азамат­тарының барлық міндетті зейнетақы жарнасы, сондай-ақ ерікті сомалар да құйылады. Қордың активін Ұлттық банк басқарады. Қаржысы да осында жинақталады.

Жаңғыртудың екінші бір теті­­гі жұмыссыз жүрген немесе өзін­өзі еңбекпен қамтыған азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ықпал етуге негізделіп отыр. Заңда жоғарыда аталған санаттағы адамдарды зейнетақы жарнасын толық төлеуге ынталандыру жолдары қарастырылған. Заң жобасындағы үшінші бір маңызды мәселе – әйелдердің зейнет жасын өзгерту. Қазақстандағы зейнеткерлердің 70 пайызы әйелдер екен. Алайда, әйелдердің зейнетақы жинақтарының орташа көлемі ерлерге қарағанда 25 пайызға төмен. Бұл, біріншіден, бала тууға қатысты демалыста отырып, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу уақы­тының аз болуына байланысты. Екіншіден, олардың ерлермен салыстырғанда зейнеткерлікке ерте шығуына байланысты болып отыр. Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әйелдер жасына 10 жыл бойы жарты жылдан қосуды ұсынып отырғаны белгілі. Сонымен, 2023 жылдан бастап әйелдер зейнетке толық 63 жаста шығатын болады.
Бүгінде салымшылардың зейнет­ақы қорындағы салымының орташа мөлшері 376 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда 900 мыңнан астам зейнеткерге өзі жинақтаған қорынан зейнетақы төленуде (база­лық зейнетақыдан бөлек). Оның айлық мөлшері орта есеппен ал­ған­да 4 мың теңгені құрайды. Сарапшылардың айтуынша, әр салымшы зейнетке шыққан соң 18 жыл бойы (халықаралық стандарт) ай сайын өзіне толық жеткілікті зейнетақы алып отырғысы келсе, кем дегенде 30 жыл, ай сайын міндетті жарнасын төлеп тұруы керек екен. Бізде бұл жүйенің енгізілгеніне небәрі 15 жыл бол­ған­­дықтан және зейнетақы қорла­рында инвестициялық табыс­тың төмендігінен әзірге ешкім де жеткілікті сомада қор жинамағаны белгілі.
Сонымен бірге, «әйелдердің зейнет жасының ұлғайтылуы бюджетті үнемдеуге байланысты орын алып отыр» деген де бос сөз, оның нақты себептері бүгінде баршаға түсінікті болды деп ойлаймын. Бұл әрекет нәзік жандылардың болашағы үшін жасалып отырғанын саналы адам аңғарса керек. Жалпы, өз басым ертеңгі күні қаражат жетпей, зейнетақы төлемдеріне қаржы таба алмай қалмас үшін, осындай қа­дамдарға бүгін баруымыз керек деп санаймын.
Ал егер әйелдер ертерек зейнетке шыққысы келсе, заң жобасында оның да жолдары қарастырылған. Біріншіден, зейнетақылық жинақ­тары жеткілікті болғанда әйелдерге 50 жасында зейнетке шығу құқы сақталады. Екіншіден, 20 жыл еңбек өтілі болғанда, бес және одан да көп бала туған әйелдерге  58 жас­та зейнетке шығуға болады.
Керімхан ТӨРЕҚҰЛОВ,
Жуалы аудандық әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.
Жамбыл облысы.