Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

«Ралли Қазақстан 2019»: көшбасшы өзгерген жоқ

922 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Бұл туралы Автомотоспорт агенттігі баспасөз қызметі хабарлады.

«Ралли Қазақстан 2019»: көшбасшы өзгерген жоқ

Бұл кезеңде жеңіс тұғырынан қайтадан катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия көрінді. Екінші орынды голландиялық Бернхард Тен Бринке, үшінші орынға поляк пилоты Якуб Пшигонски көтерілді. Кезеңнің қашықтығы 327 шақырымды құрады.

Бұл күні, яғни жарыстың үшінші күні ралли-рейдтің қатысушылары Кендерліден шығысқа қарай айналма жолдан өтті. Құм жоталары мен тасты жолдар арқылы экипаждар Үстірт дөңесті аймағының бойындағы жылдам қашықтықты бағындырды.

Үздік уақытты Катардан келген пилот Нассер Аль-Аттия көрсетті, ол қашықтықты 3 сағат 9 минут және 11 секундта басып өтті. Бұл жеңіс Әл-Аттия мен Матье Бомель дуэтіне шабандоздардың жалпы есебінде көшбасшылықты нығайтуға және кестедегі қарсыластары Бернхард Тен Бринке мен Якуб Пшигонскиден 12 минутқа алшақтауға мүмкіндік берді.

Сарапшылардың пікірінше, катарлықтың жеңісінің басты факторы - оның есеппен жүргізу үлгісі мен ұйымшыл командалық жұмыс.

- Бұл қызыққа толы күнді біз құмды жотадан бастадық. Басқа жарысушылардан алшақтықты арттыру үшін бүгін бізге жеңіске жету өте маңызды болды. Барлығы оңай болмады, бірақ мен нәтижемізге көңілім толады. Жылдамдықты көп арттырмадым, өйткені бұл кезең техникалық және көптеген навигацияны талап етті, деді Нассер Әл-Аттия.

«Дакар» раллиінің кезеңінде жеңіске жеткен Голландияның алғашқы өкілі Бернхард тен Бринке «Ралли Қазақстан 2019»- да көшбасшылыққа және деген керемет ұмтылысын көрсетуде. Автожарысшының бүгінгі нәтижесін ескерсек, ол жалпы есепте төртінші орыннан екінші орынға көтерілді.

- Мен бүгін жарысты екінші болып бастадым, Насердің автокөлігінен шыққан шаңды көрдім. Бірақ біздің дөңгелегіміз тесілді, оны ауыстыруға тура келді. Содан кейін біз арнайы учаскедегі қалған бөлігін сәтті өтіп, мәре сызығын кестік. Мен нәтижеге ризамын, бірақ алда әлі үш күн сайыс күтіп тұр, деді фиништан кейін Бернхард тен Бринке.

Ралли-рейд бойынша Әлем Кубогының қазіргі чемпионы Якуб Пшигонски үшінші арнайы бөлімді тез әрі тиімді өтті. Алайда, Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк экипажының, барлық күш-жігеріне қарамастан, оларға көшбасшыдан артта қалуды қысқарту мүмкін болмады.

- Бүгін бізде үлкен проблемалар болған жоқ. Алдыңғы дөңгелекті бір рет ауыстыруға тура келді. Бірақ, көлік біраз уақыт бойы сенімсіз жүрді, қазір біз бұл жөнінде жұмыс істеуміз. Ертең біз үшін бәрі жақсы болады деп үміттенеміз, деп атап өтті штурман Якуб Пшигонскидің штурманы Тимо Готтшальк.

Француз автожарысшысы Стефан Петерансель өзінің жұбайы Андреа Петерансель штурман ретінде бүгін төртінші болып мәреге жетті, жарыс көшбасшысынан 11 минут және 21 секундқа артта қалды. Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша тәжірибелі тактикалық автошабандоз бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

- Біз төртінші болып бастадық, алдымен құмды алқапты жүріп өттік, содан кейін өте әдемі табиғи ландшафтқа кезіктік. Жолда біз Язидтің көлігін көрдік және жылдамдықты тежедік, бірақ ол бізге бәрі жақсы екенін түсінді. Кезең қалған бөлігі сәтті өтті. Жолда дала көбелектері көп екен, біз тіпті алдыңғы әйнекті тазалау үшін тоқтадық. Күн сайын біздің нәтиже жақсарып келеді, бұл қуантады, деді Андреа Петерансель.

Өткен жылғы «Ралли Қазақстан» жарысының жеңімпазы Сауд Арабиясының шабандозы Язид Әл-Раджидің күні сәтсіз болды. Жоғары жылдамдықпен ол өзінің Toyota Hilux автокөлігімен терең жыраға түсіп, капот арқылы аударылып түсті. Оның жанынан өтіп бара жатқан чехиялық шабандоз Мирослав Заплеталдың экипажы Язидке автокөлікті орнына қоюға көмектескен.

- Біз жарысты бесінші болып бастадық, 30-шы километрде алдымен Петерансельді басып оздық, содан кейін 60 километрдегі белгіде Пшигонскиді артта қалдырдық. Содан кейін Тен Бринкеге жете бергенле, біз сәтсіздікке тап болдық, деді Әл-Раджи.

Нәтижесінде Әл-Раджи күннің 11-ші нәтижесін көрсетіп, жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.

Қазақстандық дуэт Андрей Чередников пен Игнат Фальковтың дуэті бүгін қашықтықты 3 сағат 49 минут және 53 секундта жүріп, жетінші болып мәре сызығын кесті. Үш күннің қорытындысы бойынша "OFF ROAD Kazakhstan" командасы жалпы есепте сегізінші орында тұр.

Владимир Васильев пен Константин Жильцовтың ресейлік экипажы үшінші кезеңге қатысқан жоқ. Кеше команда техникалық мәселелерге тап болды. Олардың Mini John Cooper Works Rally автокөлігінде шар тірегі, доңғалақ жетегі және тежегіш жүйесі бұзылған. Ұзақ жөндеуден кейін экипаж мәреге жетті, бірақ келесі күні күресті жалғастырмауға шешім қабылдады.

T2 жол талғамайтын көліктер класында бүгін Мохаммед Аль-Меер жеңіске жетті, оның экипажы екінші күннің қашықтығын 4 сағат 50 минут және 20 секундта еңсерді.

Т3 санатында Федор Воробьевтің экипажы жеңіске жетті, ол 4 сағат 21 минут және 24 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Бразилияның автожарысшысы Рейналдо Варела мәре сызығын екінші болып кесті, бірақ бұл санатта жалпы есепте ол көш бастап тұр.

Жүк сериясында үшінші күн қатарынан ресейлік «Камаз-мастер» командасынан Дмитрий Сотников жеңісті тойлады, оның экипажы қашықтықты 3 сағат 32 минут және 3 секундта жүріп өтті. «Дакар» раллиінің бірнеше дүркін жүлдегері ресейлік «ГАЗ Рейд Спорт» экипажының өкілдері Михаил Шкляев пен Александр Лагуттан жарыс кестесінде 4 сағатқа алда тұр.

Жарыстың төртінші күні  Кендірлі қаласында қайта бастау алады, онда ралли қатысушылары Жаңаөзен қаласының жанындағы айналма жолға аттанады және Ақтау маңында мәреге жетеді. Арнайы учаскенің ұзындығы 399 километрді құрайды.

Маңғыстау облысы