Қоғам • 30 Мамыр, 2019

Бүгін – Дүниежүзілік шашыраңқы склерозбен күрес күні

1253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз) – адам миы мен жүйке талшықтарын қорғап тұратын арнайы қабатты–миелинді зақымдайтын аутоиммунды созылмалы сырқат. Өкініштісі сол бұл диагноздың шырмауына еліміз бойынша 1500 астам адам түскен. Ал ДДСҰ деректеріне қарағанда жер жүзінде оған шалдыққан пациенттердің саны 2,3 миллионға жетеді және ол көрсеткіш күн санап арту үстінде.

Бүгін – Дүниежүзілік  шашыраңқы склерозбен күрес күні

Көбінесе жас адамдарда 20 және 50 жас аралығында пайда болып олардың әлеуметтік және кәсіби белсенділігін төмендететін ауру мүгедектікке де  алып келеді. Шаршаңқылық, ұмытшақтық, бастың айналуы, саусақ ұштарының жансыздануы, бұлшық еттердің ауруы, тәлтіректеп жүру секілді әлсіз білінетін белгілер – күрделі неврологиялық аурудың симптомдары болуы мүмкін. 

«Бүгінгі таңда заманауи медицина ШС шалдыққан пациенттерге аурудың өршуін тоқтатып, симптомдарын жеңілдететін емді ұсына алады, ал баламалы емдеу әдістері, дәрі-дәрмектермен жасалатын фармакотерапия олардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Шашыраңқы склерозды толық емдеу мүмкін емес, дегенмен уақытылы жасалған диагностика, дұрыс тағайындалған ем және ауруды кешенді басқару әдісі пациенттерге толыққанды өмір сүруге көмектеседі», - дейді Нұрсұлтан қаласы Денсаулық сақтау Басқармасының бас неврологы, жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Бағыжан Сыздықова.  Ал осы дертпен күресте сенімді серіктес ретінде көрініп жүрген Санофи компаниясы  он жылдан астам уақыт бойы шашыраңқы склерозды (ШС) емдеу үшін жаңа терапиялық шешімдер табуда. Бүгінгі таңда компания ШС шалдыққан пациенттерге арналған екі инновациялық дәрі-дәрмек тіркеген, оған қоса, қазір бірнеше терапиялық шешім өндірілу үстінде»,  деді Санофи Қазақстан Басқарма Төрағасы Ранга Веларатне.

Айта кеткен жөн бұл ауруға ерлерге қарағанда әйел адамдар жиірек шалдығады екен.