Спорт • 30 Мамыр, 2019

Шорт-тректен Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

1082 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы мен жасөспірімдер командасы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

Шорт-тректен Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Алматыдағы жиынға ұлттық құрама мүшелері түгелдей қатысты. Жаттығу жиынында негізінен спортшылардың жалпы физикалық дайындығына көңіл бөлінген. 

«Маусым аяқталғалы бері өткізілген алғашқы жиынымыз мәресіне жетті. Ұлттық құрама мен жасөспірімдер командасын бірге жаттықтырғандағы мақсат - жастардың ересектерден үлгі алуына себеп болу. Резервтегі спортшыларымыз артта қалмасын деген ой. Жиын жаман өткен жоқ. Енді оларға бір аптадай үзіліс бердік. Бір жетіден соң бәріміз Астанаға жиналамыз. Әзірге, оқу-жаттығу жиындары өз елімізде ұйымдастырылады. Қыркүйек айында Ресейде халықаралық турнир өтпек. Содан соң әлем кубогі кезеңдері де басталады», деді команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков. 

Бапкердің айтуынша, жаттығу жиынында құрылған жоспар 99 пайыз орындалған.