Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

Экспортталатын өнімдердің түрі бес есеге өсті

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында әлемдік бәсекеге қатысуға мүмкіндігі жететін жиырма бір тауар бар. Тұз, күріш, балық және минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машиналар бойынша экспорттаушы елдердің бестігіне кіреді.

Экспортталатын өнімдердің түрі бес есеге өсті


"Жаһандық салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізуде балық өнімдерінің экспортын қажетті деңгейге дейін ұлғайту зор мүмкіндік болып табылады. Бұл индекс елдің тауар экспортының халықтың жан басына шаққандағы орташа әлемдік көрсеткішке арақатынасын өлшейді», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мәліметі соңғы бес жылда Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қарқынды дамуы байқалатындығын аңғартады.

Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 27 есеге артты.

Аймақ экспортының шоғырлану деңгейін талдау соңғы бес жылда экспорттың әртараптандырылуын көрсетеді. Осылайша, экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері 5 есеге өсті.

Өткен жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 34,5 млн.долларды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.


Қызылорда облысы.