Болашақта қаланың әкімшілік-іскерлік және мәдени орталығы болатын бұл жерде әлеуметтік және спорттық ғимараттар, гүлзарлар, концерт залы, балалар мен жасөспірімдер сарайы және тағы басқа да көптеген нысандар құрылысы салынады деп жоспарланған.
– Қазір облыс орталығында 1500-ден астам көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Олардың 500-ге жуығы қоғамдық көлікте жүру жеңілдігімен қамтамасыз етілген. Көпбалалы ата-аналарға балабақшаларда 50% жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, олардың балалары спорттық секциялар мен үйірмелерде тегін айналыса алады. Ал жазда «Салют» лагерінде демалуға мүмкіндік жасалған, – деді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Еске салсақ, биылғы жылдың 1 мамыр күні облыс орталығында 10 көпбалалы отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болған-тын. Жалпы, Қарағанды қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде көпбалалы 494 отбасы тұр.
Қарағанды облысы