Әлем • 31 Мамыр, 2019

Будапешттегі трагедия: кеме капитаны тұтқындалды

1120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы EURONEWS хабарлады.

Будапешттегі трагедия: кеме капитаны тұтқындалды

Мажарстан полициясы Дунайда серуендеп жүрген катерге соғысқан кеменің 64 жастағы капитанын қамауға алды. Ол адамдардың өміріне қауіп төндірген салғырттығы үшін күдікке ілінді.

Оқиға салдарынан Оңтүстік Кореяның жеті азаматы қаза тапты. Оған қоса 21 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Бірақ, мамандардың айтуынша, оларды тірі табу мүмкіндігі өте төмен.

Мажар үкіметінің хабарлауынша, катердегі жеті жолаушы құтқарылып, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілген, ал қабырғасын сындырып алған бір жолаушы әзірге ауруханада.

Естеріңізге салар болсақ,  29 мамырда Дунай өзенінде туристерді қыдыртып, Мажарстан  парламенті тұсындағы айлаққа тоқтаған катерді басқа кеме келіп соққан.  Апат кезінде  оңтүстік кореялық туристер мінген катерде 34  адам болыпты.