Спорт • 31 Мамыр, 2019

Дархан Асаділов каратеден Шанхайдағы Премьер-лигада бақ сынайды

939 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-10 маусым аралығында Қытайдың Шанхай қаласында каратеден Премьер-лига додасы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Дархан Асаділов каратеден Шанхайдағы Премьер-лигада бақ сынайды

Қытайдағы турнирге Қазақстан құрамасының үш спортшысы қатысады. Олар – Дархан Асаділов (60 келі), Данияр Юлдашев (84 келі) және София Берульцева (+68 келі).

Команда көшбасшысы Дархан Асаділов Түркияда өткен А сериясы аясындағы турнирде жүлдесіз қалған болатын. Шанхайда Дарханның алдында ұпай жинап, жеңіске жету міндеті тұр. Олимпиадалық рейтингте Асаділов үшінші орында келеді. 

София Беруьлцева Стамбулдағы бәсекеде үздік үштікке еніп, маңызды рейтингілік ұпайға қол жеткізді. Ал Данияр Юлдашев бірнеше айға созылған сәтсіздіктер сериясын Шанхайда түзетуге дайын екенін айтады. 

Каратеден Қазақстан командасы бұл күндері Алматыдағы АІВА академиясының базасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.