«Маусым аяқталғалы бері екі рет оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Екеуі де Алматыда ұйымдастырылды. Мұнда негізінен жалпы физикалық жаттығуға көңіл бөлінді. Тауда велосипед тепкеніміз жақсы әсер берді. Жиынға бас құрама спортшыларынан бөлек, жасөспірімдер командасының өкілдері де қатысты. Қолдан келгенше тәжірибемізбен бөлісіп, жол көрсетуге тырыстық», - дейді ол.
Абзал жарақатына байланысты өткен маусымды орта жолдан аяқтауға мәжбүр болған. Бүгінде спортшы толық бабына ену үшін барын салатынын айтады.
«Қазіргі ең басты мақсатым - өзімнің бұрынғы қалпыма келу. Спорттық бабыма толығымен енетін болсам, жарыстарға да алаңсыз қатысарым сөзсіз. Қыркүйек айына дейін толықтай жарақаттан айығып, қатарға қосыламын деген ойдамын. Тек жарақаттан аман болсақ екен. Жарақат алу қаупі спортшы үшін басты кедергілердің бірі. Бұйырса, бәрі жақсы болады», - дейді спортшы.
Абзал Әжіғалиев бастаған қазақстандық шорт-трекшілерлің келесі жиыны Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтеді.