Қоғам • 31 Мамыр, 2019

Балалардың облыстық фестиваль өтті

1256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы «Қамбаш» олипиадалар және қосымша білім беру орталығында балалардың жазғы демалыс маусымы ашылуының I облыстық фестивалі өтті.

Балалардың облыстық фестиваль өтті

«Бақытты балалық шақ» атты фестивальдің ашылуына ҚР Білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Бақыт Әлібаева мен облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова қатысып, оқушылардың жақсы демалуларына сәттілік тіледі. Арал ауданы әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков балдырғандарды жазғы демалыс маусымының ашылуымен құттықтады.

Салтанатты шараға қатысушылар оқушылардың қолөнер бұйымдарының және робототехника көрмесін тамашалады.

Мерекелік концертте оқушылар шарларға тілектерін жазып, аспанға ұшырды.

Биылғы жылы «Қамбаш» тынығу лагерінде 1100 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі таңда бірінші ауысымда 130 бала қабылданып, тынығып жатыр.

Көл жағалай орналасқан лагерьде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, робототехника үйірмелері және «Темірші» дебат клубы мен «Жас қыран» әскери-патриоттық клубтары жұмыс істейді.