Яғни, мұқтаж отбасыларға, Рамазан айының құрметіне, қаржылай және азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсетіледі. «Рамазан керуені» қайырымдылық акциясы тікелей ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастырумен өтеді.
Сондай-ақ, аталмыш шараның өтуіне Алматы қаласы Орталық мешітінің «Жастар ісі» секторы мен «Ықылас» қайырымдылық қауымдастығының және шараға демеушілік етіп жатқан қалталы азаматтардың үлесі зор екенін айтқымыз келеді.